Columbus -3℃
  • 528.9
  • 551
  • 5.13

Қазақ-Британ қарым-қатынасының жаңа дәуірі

Қазақ-Британ қарым-қатынасының жаңа дәуірі Қазақастан Президенті Қ-Ж. Тоқаев Дэвид Кэмеронды қабылдады. Фото: Ақорда

Кэмерон сапарының екі ел үшін де өзіндік маңызы бар. Әрі бұл дипломатиялық іс-қимыл аймақтағы саяси жағдай үшін де өз салмағы бар оқиға. 

Британия еліміздегі ірі инвестор ретінде: 

Соңғы 20 жылда британдық тікелей инвестиция көлемі 17 миллиард долларға жеткен. Бұнымен Британия еліміздегі ең ірі 10 инвестордың бірі болып саналады. Былтыр Ұлыбританияның еліміз экономикасына салған инвестициясы 20 пайызға өсіп, 795 миллион долларды құраған. Елімізде қазір 600-ге жуық британдық бизнестің капиталымен құрылған кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Олардың қатарында Shell, RioTinto, Ernst and Young, AstraZeneca сияқты әлемге белгілі ірі компаниялар да бар.

Қазақстандағы және аймақтағы ағылшын мүддесі 

Біріккен Корольдіктің бас дипломаты бірлескен баспасөз жыиынында елімізде болашақта инвестиция салуға болатын көптеген мүмкіндіктер бар екенін айтып. «Біз маңызды пайдалы қазбалар бойынша серіктестікке қол қойдық. Әрі британдық тау-кен компанияларына осы салаға қатысуы бойынша қызықты ұсыныстарымыз да бар», - деді Кэмерон. Демек, Британ тарабы еліміздегі табиғи ресурстарды игеру бойынша да қызығушылыққа ие. 

Кэмеронның кіндік Азиядағы кезекті сапары Қазақстанмен ақырласпайды. Соңғы нүктеде Моңғолия тұр. Мәселе, осы алып аймақтағы күн сайын маңызды бола түскен геостратегиялық салмақ Лондон назарын аудармай қоймайды. Оның үстіне аймақта болашақ энергия көзіне қажетті мол табиғи байлықтың бар екенін де ескеру керек. Бұны қазірше жалпылама түрде сирек жер элементтері деп атап жүрміз. Климат өзгерісіне байланысты әлем елдері қоршаған ортаға барынша аз зиян келтіретін энергия өндіру жолын қарастыруда. АЭС үшін де аймақта мол уран қорының бар екені белгілі. Бұның бәрінде дамыған елдер арасында үлкен бәсеке бар. Және осы бәсекелік қарым-қатынас аймақтағы күштер теңгеріміне де өз өзгерістерін әкелуде. Британиядан келген дипломат бұл жолы болашаққа қатысты осы маңызды бағыттар бойынша өз елінің және аймақтың мүддесін тоғыстыруды көздегені анық.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
1
Ұнамайды
2
Күлкілі
0
Шектен шыққан
1

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!