Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларына дауыс беру басталды

Биыл 20-30 қараша аралығында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Алматыны көркейтуге арналған жобалар бойынша онлайн дауыс беру өтеді, - деп хабарлайды alnews.

Дауыс беруге Алматыда тұрақты тіркеуі бар, кәмелет жасына толған кез келген тұрғын қатыса алады.

Дауыс беру budget.open-almaty.kz порталында жүргізіледі. Ол үшін порталдың басты бетіндегі «Дауыс беру» бөлімін таңдап, ұсынылған жобалармен танысу және ұнаған үш жобаға дейін қолдау білдіру қажет. Дауысты растау үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе SMS-код қолданылады.

Бағдарлама аясында мегаполис тұрғындарынан барлығы 2 128 жобалық ұсыныс түскен. Оның 471-і дауыс беруге жіберілді.

Ең көп дауыс жинаған жобалар 2027 жылы аудан әкімдіктері тарапынан жүзеге асырылады.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы туралы кеңес немесе қосымша ақпаратты аудан әкімдіктерінен, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауынан 224 39 29 (ішкі нөмірі – 203) телефоны арқылы алуға болады.

Алматы тұрғындарын дауыс беруге белсенді қатысып, қалалық ортаны жақсартуға бағытталған жобаларды қолдауға шақырамыз!

Алдыңғы
BBC Travel включил Алматы в число 20 лучших направлений мира для путешествий в 2027 году
Келесі
В Алматы началось голосование за лучшие проекты «Бюджета народного участия»

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу