Алматыда «Соғым FEST» тақырыптық жәрмеңкесі өтеді

2026 жылы 21-22 қарашада Алматы қаласында Шевченко көшесінің Пушкин және Қонаев көшелері аралығында Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Абай облыстарының тауар өндірушілері қатысатын ет өнімдерінің тақырыптық жәрмеңкесі өтеді, - деп хабарлайды alnews.

Жәрмеңкеде 100 тоннадан астам ет өнімі, сондай-ақ 50 тонна ауыл шаруашылығы өнімі, оның ішінде көкөністер, сүт және балық өнімдері, шұжық өнімдері мен бал ұсынылады.

Жәрмеңке Алматы тұрғындарына елімізде өндірілген табиғи әрі сапалы өнімдерді нарық бағасынан 10-15%-ға төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

Іс-шара қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық өндірушілерден тұтынушыларға ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей жеткізу жүйесін дамыту жөніндегі жұмыстар аясында ұйымдастырылып отыр.

Жәрмеңке екі күн бойы сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.

Алдыңғы
В Алматы расширят сети открытых арыков и ливневой канализации
Келесі
В Алматы пройдет тематическая ярмарка «Соғым FEST»

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу