Columbus -3℃
  • 528.9
  • 551
  • 5.13

Вашингтонның жаңа геостратегиясы: Бейбіт күнді қаласаң, соғысқа дайындал

Вашингтонның жаңа геостратегиясы: Бейбіт күнді қаласаң, соғысқа дайындал Фото: reuters.com

Сонымен АҚШ президенті Жо Байден келесі 4 заңға қол қойды:

  1. Украинаға 61 млрд АҚШ долларына жуық көмек беру.
  2. Израильге 26,38 млрд АҚШ доллары көлемінде көмек беру.
  3. Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы Тайвань және өзге де одақтас елдерге 8,12 млрд АҚШ долларын бөлу.
  4. «XXI ғасырда күш арқылы бейбітшілікке қол жеткізу» атты ұлттық қауіпсіздік туралы заң.

 Біз назар аударуымыз тиіс құжат «XXI ғасырда күш арқылы бейбітшілікке қол жеткізу» заңы. Онда қытайлық әлеуметтік желі Tiktok-ты шектеу, Иранға қарсы санкцияларды үдете түсу сияқты саяси шаралар қамтылған. Сонымен қатар, фентанил, каптагон сияқты есірткі түрлерімен күресуді мақсат етіп қойған. 

Қабылданған заңдардан қандай қорытынды шығаруға болады?

  1. Сыртқы саяси бағдар өзгермейді. Биыл 5 қарашада сайлауда кім жеңсе де геосаяси мақсаттар жүзеге аса бермек.
  2. Қабылданған 4 заң біртұтас мақсатқа ие деп түсінген жөн. Бәрі де сыртқы саяси бағдарды айқындайды. 
  3. Вашингтонның басты геостратегиялық қарсыластары Ресей, Қытай және Иран, сонымен қатар басты аймақ Таяу Шығыс болып қала береді.
  4. АҚШ алдағы уақытта да заңсыз есірткі саудасымен күресе бермек. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
6
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!