Columbus -3℃
  • 526.7
  • 551
  • 5.13

ИЗРАИЛЬ-ИРАН: Дағдарыс қалай дамуы мүмкін?

ИЗРАИЛЬ-ИРАН: Дағдарыс қалай дамуы мүмкін? Иран-Израиль қақтығысы

 Иран тұрғысынан:

  • Батыл қадам ретінде қарауға болады. Себебі, шабуыл алғаш рет өз территориясынан тікелей жасалды.
  • Дамаск қаласындағы шабуылдан кейін ел ішінде билікке деген наразылық күшейді (Иранда Хоменей режиміне деген наразылық тұрақты түрде бар).
  • Теһран (Тегеран) ең алдымен ішкі наразылықтарға жауап ретінде әуе соққыларын жасады деген көзқарас сарапшылар арасында басым.
  • Шабуыл нәтижесіне қарап Иран тарабы әуе соққылары «табысты» болмағанын көреміз. Израильге айтарлықтай шығын келген жоқ. Бір ғана әскери нысандағы инфрақұрылым бүлінді.
  • Шабуылда тактикалық ұшқышсыз ұшақтар қолданылды. Бұл әуе қорғаныс жүйесі оңай ұстап алатын түрі. Осыған қарап Иран түбегейлі қақтығыс болуын қаламайды деген пікірлер шықты.
  • Иран Израильдің қатаң жауабын қаламайтынын аңғартты. Анығында қос тарапта жаңа соғыс алаңын ашуға құлықсыз.

Израиль тұрғысынан:

  • Ресми мәлімдемелерде қатаң жауап қайтаратынын ескерткен, бірақ қазірге дейін тең жауап берілген жоқ.
  • Әуе шабуылы Тель-Авивтің аймақтағы имиджіне кері әсері болғаны анық. Бұл өзіне қарсы күшке қатаң ұстанымдағы Израильдің дәстүрлі метотына өзгеріс әкелді.
  • Хамаспен соғыс кезінде жаңа шепте соғысу Израиль үшін де түбегейлі тиімсіз.

Орта Шығыс картинасынан:

Иран мен Израиль аймақтағы негізгі ойыншылардың қатарында. Әрі басты қарсыластар. Әсіресе Америка Құрама Штаттарының аймақтағы саясатына басты кедергі ретінде қарастырылады. Израильдің қатаң жауап бермеуіне Вашингтон ықпал етті дегенді көптеген сарапшылар құптайды. АҚШ ұдайы Иранды аймақтағы қауіпті күш орталығы ретінде көрсетеді. Бұл арқылы Араб елдерімен ынтымақтастықты ұстай алады және Израиль, Түркия сынды одақтастарын да өзіне тартуға қолданады. Иранның кезекті әрекеті және оның нәтижесі Иранның қауіп күші тым артық көрсетілетінін де аңғартқандай болды.

Міне бұларға қарап аймақта ауқымды қақтығыс мүмкіндігі әлі де жоғары емес. Әрі оның мүмкіндігіне Америка Құрама Штаттары шешуші рөл атқаратынын түсіне аламыз. Иранның соғысқа тартылуы Шығанақтағы тұрақтылыққа үлкен қауіп төндіреді, әрі бұл әлемдік мұнай бағасына әсер етеді. Бұл тұрғыдан қарап қысқа мерзімді преспективада ауқымды соғыстың ауылы алыс деген болжам айтуға болады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
2
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!