Columbus 10℃
  • 482.7
  • 535.5
  • 5.37

НАТО САММИТІ: АҚШ ұйымның назарын Қытайға аударғысы келеді

НАТО САММИТІ: АҚШ ұйымның назарын Қытайға аударғысы келеді 75-тегі НАТО-ның кезекті саммиті өтуде. Фото: Аntena3

Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының 2024 жылғы саммиті дәл бүгін, 9 шілде күні Вашингтонда өтпек. 3 күндік жиынның негізгі талқы тақырыбы әрине Украина-Ресей мәселесіне арналары анық. Дегенмен, Америка Құрама Штаттары 2019 жылы өзінің Үнді-Тынық мұхит аймағына арналған жаңа стратегиясын жариялағаннан бері НАТО жиналыстарында Қытайға назар аударуды жиі қайталап келеді. Бұл жолы да Вашингтон тарабы Қытайдың алып теңіз-мұхиттағы және әр аймақтардағы өсіп келе жатқан ықпалына қатысты өз есебін ортаға салып, ұйым назарын бұруды көздейтіні күтілуде. 

Америкалық басылымдардың жазуынша, өзінің тарихында Мәскеуді орталық еткен өзіне қауіпті күштерге қарсы құрылған ұйымның бүгінгі назарында Қытай да бар. НАТО-ның Қытайға көңіл бұруының себебі өздігінен түсінікті. Құрама Штаттар соңғы жылдары Ресейден көрі Қытайды өзінің ең қауіпті стратегиялық бәсекелесі санап келе жатыр. Әрі Үнді-Тынық мұхитындағы басымдылыққа жету үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыруда.

Соның ішінде аймақтағы елдермен әскери және саяси ынтымақтастықты дамыту, тіпті аймақтық жаңа одақ қалыптастыруға ұмтылыстары да көрінеді. Айталық, Аустралия, Үндістан және Жапонияның басын біріктірген жаңа диалог алаңын кей сарапшылар болашақта Қытайға қарсы жаңа аляньсқа дамиды деп болжайды. 

Бұдан тыс НАТО-ның ең ірі қаржыландырушысы ретінде АҚШ-тың ұйымдағы беделі жоғары. Тіпті, НАТО Вашингтон сыртқы саясатын жүзеге асырушы негізгі алаңдардың бірі деуге де болады. Бұл мүмкіндіктен пайдалана отырып АҚШ Қытайдың өсіп келе жатқан қатеріне қарсы НАТО одақтастарында жұмылдыруды артық көрмейді. 

Оның үстіне Қытайдың қос мақсатта пайдалануға болатын экспорттық өнімдері Ресейдің әскери өнеркәсіп базасын қамтамасыз етіп жатқан тұста, Қытай НАТО мүшелері үшін Ресейдің соғысын астыртын қаржыландырушы тарап ретінде қарастырылары анық. 

Кезекті Вашингтондағы саммитте Қытайға қарсы қатаң мәлімдемелер болуы мүмкін. Бұған дейін де ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг Бейжіңге қарата қатаң мәлімдемелерін жасап үлгірген болатын. Ол Қытайды екі тарапқа бірдей жақсы аттануға тырысуды тоқтатуға шақырған. Ол: "Бейжің таңдау жасауы керек, Бейжің екі жолға да ие бола алмайды. Белгілі бір кезеңде Қытай бағытын өзгертпесе, НАТО одақтастары оның құнын төлеуге мәжбүр болады" – деп ескерткен. Ал болжамдарға сенсек бұл жолы одан да салмақты мәлімдемелер жасалуы мүмкін. 

Әрине, үш күндік жиналыстың негізгі тақырыбында Украинаға қолдау көрсетуді қалай жалғатсыруға болатыны ең негізгі мәселе болып қала береді. Кезекті саммиттен кейін Батыс пен Шығыс арасындағы шиеленіс тағы бір саты жоғарылай түсуі бек мүмкін. 

 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!