Columbus 10℃
  • 482.7
  • 535.5
  • 5.37

Президент металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Президент металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды alnews, ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Металлург күні қарсаңында отандық металлургия саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүздеген жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда, 22 жұмысшы «Құрмет» орденінің кавалері атанды, 41 өнеркәсіп қызметкері ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің, 51 адам «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды.

Сонымен қатар 7 маман Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын иеленді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!