АҚШ, Филиппин, Канада және Австралия бірінші рет Оңтүстік-Қытай теңізінде әскери оқу-жаттыру өткізуде, деп хабарлайды alnews.
Әскери оқу-жаттығу 7-8 тамызда өтеді. Оған төрт елдің әскери-теңіз флоты мен әскери-әуе күштері қатысады. Бұған дейін, 2 тамызда Филиппин және Жапония елдері оқу-жаттығу өткізген болатын.
Айта кетейік, Оңтүстік-Қытай теңізінің басым бөлігін Бейжің өз аумағы деп есептейді.