Columbus -3℃
  • 529.7
  • 551
  • 5.15

Израиль атыс тоқтатуға дайын, ХАМАС не дейді?

Израиль атыс тоқтатуға дайын, ХАМАС не дейді? Фото: Израиль үкіметінің ресми сайты

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Таяу-Шығыстағы сапарын аяқтатуға жақын. Ол Израиль-Хамас соғысы басталғалы бері аймаққа осымен 9 рет сапарлай барған. Тел-Авивтен аттанарда Блинкен Израиль тарабының келісімді қабыл алғанын, Хамасты да атысты тоқтату бойынша келіссөз шартын қабылдауға шақырған болатын. 

Израиль премьер-министрі Нетаньяху мен АҚШ мем. хатшысы арасында ашық сөйлесу көпке созылған. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдері БАҚ-қа мәлімдеген. Олар осы ашық сөйлесулердің нәтижесінде Израиль тарабы АҚШ ұсынған келісім шартын қабылдауға келіскен. Дегенмен шарттардың нақты мәтіні әлі де мәлім емес. 

Блинкен сапарының басты мақсаты соғысушы және келіссөзге ара ағайын елдерге Газада тыныштық орнату бойынша АҚШ-тың ұсынысын жеткізу болатын. Ал АҚШ, Катар және Мысырдың ара ағайындық етуімен Израиль мен Хамас арасындағы келіссөз 15 тамыз күні Доха қаласында басталған. Осы аптада келіссөздердің екінші айналымы Мысыр орталығы Каирде өтті. 

Әу баста барлық тараптар Израиль мен Хамас арасындағы ұсынған шарттарды бір ортақтыққа келтіру аса қиын екенін айтқан. Тіпті келіссөздің нәтижелі боларына сенім де аз болған. Себебі, соғысып жатқан тараптар бір-бірінің ұсынған шарттарын қабылдай алмайтынын айтқан. Айталық Хамас бітімге келу үшін уақытша атысты тоқтату келісіміне жетуді қалаған. Бұл талап Израиль жағынан қабылданбады. Олар үзіліс Хамасты тынығып, тіпті де күшті қарсылық көрсетуге мүмкіндік береді деп санаған. 

Ал Израиль тарабы болса соғыстан кейін де өз армиясының Газада қалып бақылау орнатуын, Газа мен Мысыр арасындағы шекара өткелін өзі бақылауын, сонымен бірге Газа ішінде солтүстікке қарай қайта қоныстанатын босқындарды қатаң тексерістен өткізу секілді шарттар ұсынған. Бұл талаптары да Хамас жағынан қабыл алынбайтынын аталған ұйым бірнеше рет мәлімдеген. 

Блинкен сапары барысында Мысыр мен Катар үкіметінен Хамасты келісімге шақыруын сұрады.

Мәліметтерге қарағанда АҚШ ұсынған келіссөздердің негізі осыған дейін Жо Байден ұсынған келіссөз шарттарын қамтиды.  Онда бастапқыда алты аптаға соғыс қимылдарын тоқтату және  тұтқындарды босату туралы келіссөздер қарастырылған.

Блинкен сапарынан кейін америкалық шенеунгтер келіссөз соңғы мәресіне жақындап қалғанын айтқаны бар. Дегенмен, әлі де келісе алмай жатқан мәселелердің бар екенін жоққа шығармайды. 

Бұған қарағанда келіссөздер әлі де біршама уақытқа созылуы мүмкін. 

 

 

 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!