Columbus 10℃
  • 482.7
  • 535.5
  • 5.37

С. Нұрбек: "Елімізде осы уақытқа дейін шетелдік жоғары оқу орындарының 25 филиалы ашылған"

 С. Нұрбек: "Елімізде осы уақытқа дейін шетелдік жоғары оқу орындарының 25 филиалы ашылған" Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады, - деп хабарлайды alnews, ақордаға сілтеме жасап.

Министр елімізде осы уақытқа дейін шетелдік жоғары оқу орындарының 25 филиалы ашылғанын айтты. Сондай-ақ, шетелдік серіктестермен аймақтардағы мемлекеттік университеттерді халықаралық білім беру стандарттары бар зерттеу университеттеріне айналдыру туралы келісімдерге қол жеткізілген.

Саясат Нұрбек жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берді. Оның айтуынша, қазір 8 жоғары оқу орнында 15 білім беру бағдарламасы бойынша 2000-нан астам студент жасанды интеллект саласын оқып жатыр. Цифрлық экономикаға бейімделген кадрлардың әлеуетін дамыту үшін Google, Nvidia, Coursera, 01 Edu System және Huawei сияқты трансұлттық компаниялармен ынтымақтастық орнатылған. Сондай-ақ жасанды интеллект саласында мамандар даярлау үшін «Болашақ» бағдарламасы арқылы жыл сайын 100 стипендия бөлу жоспарланып отыр.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жатақханалар салу, жоғары білім мен ғылым инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!