27 қазан, жексенбіде Өзбекстанда Парламент және аймақтық депутаттарды сайлау өтеді, деп хабарлайды alnews.
"Сайлауда Заң шығару палатасының 150 депутаты, Сенаттың 56 мүшесі, Қарақалпақстанның Жоғарғы Кеңесінің 65 депутаты, сондай-ақ облыстық, Ташкент және 208 аудандық (қалалық) кеңестердің депутаттары сайланады. Осылайша, сайлау процесіне 30 мыңға жуық кандидат пен олардың 90 мыңға жуық сенімді тұлғалары, сондай-ақ сайлау комиссияларының 120 мыңнан астам мүшесі ұйымдастырушы ретінде және 70 мыңнан астам жергілікті және шетелдік (халықаралық) бақылаушылар қатысады деп күтілуде", - деп хабарлады ОСК.
Айта кетейік, Сайлау алғаш рет мажоритарлы-пропорционалдық жүйе негізінде өтеді. Парламенттің төменгі палатасының 75 депутаты мажоритарлық жүйе бойынша, қалған 75 - пропорционалды жүйе бойынша сайланады.
Наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев депутаттармен кездесуде саяси партиялардың рөлін арттыру үшін аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынды.