Премьер-Министр қаржыны дұрыс игермейтін өңірлерді атады

Еліміздің Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен Үкіметте автожол саласын дамыту мәселелері қаралды, - деп хабарлайды alnews.

Министрлер кабинетінің басшысының сөзіне қарағанда мемлекеттік бюджетті игеру мәселесі әлі ақсап тұр. Әсіресе автожолдарды салуда Ақтөбе, Түркістан және Ұлытау облыстары қаржыны игере алмай жатқан көрінеді. 

Премьер-Министр жобаларды жүзеге асыру мерзіміне де ерекше тоқталды. Оның сөзінше, солтүстік және шығыс өңірлерде құрылыс маусымы қысқа болғандықтан автожол салу жобалары кешеуілдеуі мүмкін. 

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл ақпан айында Жаңа Үкіметке автожол мәселесін ретке келтіруді тапсырған еді. 

Алдыңғы
Президент бірнеше маңызды заңға қол қойды
Келесі
НАТО САММИТІ: АҚШ ұйымның назарын Қытайға аударғысы келеді

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу