Columbus -3℃
  • 529.7
  • 551
  • 5.15

В. Путин кезекті президенттік мерзімін қорғаныс саласын тазартудан бастады

В. Путин кезекті президенттік мерзімін қорғаныс саласын тазартудан бастады Alexander Zemlianichenko/AP Photo/picture alliance

Бір қарағанға сайлаудан кейінгі кадрлық ауыс-түйіс қалыпты саяси үдеріс сияқты. Бірақ Сергей Шойгудың қызметтен кетуі қалыпты оқиға дей алмаймыз. 

Шойгудың қорғаныс министрлігінен кетуіне мынадай факторлар әсер етті:

Біріншіден, Сергей Шойгу мен жеке әскери компания "Вагнердің" негізін салушы Евгений Пригожин арасындағы дау. Былтыр 23 мамырда Евгений Пригожин ресейлік әскерлерді вагнерлік жауынгерлерге шабуыл жасады деп айыптап, жақтастарын бүлік шығаруға шақырған. Вагнерліктер 24 күні таңертең Ростов-на-Донудағы әскери нысанды алып, Мәскеуге аттануды жоспарлаған. Бірақ кешке Белорусь Президенті Александр Лукашенкомен болған келіссөзден кейін бұл райынан қайты. Сөйтіп оған қарсы қозғалған қылмыстық іс 27 мамырда тоқтатылды. Даудың негізгі себебі екі әскери басшы арасындағы келіспеушілік болғаны сөзсіз.

Екіншіден, Сергей Шойгу ұзақ уақыт қорғаныс саласын басқарды. Сондықтан адами факторды да ескерген жөн. Ол 2012 жылдан бері күштің құрылымның басында болды. Әскери-саяси менеджер ретінде салаға берері таусылды. Дамыған елдерде сол үшін де саясаткерлер бір орында ұзақ отырмайды. 

Батыстық сарапшылар мен БАҚ Шойгудың кетуін күтпеген оқиға деп жазды. Біздің ойымызша, күтілген, бірақ кейінге шегерілген саяси шешім болды. Украйнамен арадағы дағдарыс пен президент сайлауы алдында түбегейлі өзгеріс жасауға Кремль бармас еді. 

Шойгудың алдағы тағдыры не болмақ?

Ресейдің президенті Владимир Путин 12 мамырда бұрынғы қорғаныс министрін Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметіне тағайындады. Бірақ мұнымен оған деген сұрақ азаймайтын сияқты. 

Кеше, сейсенбіде министрліктің кадр бөлімін басқарушы генерал-лейтенант Юрий Кузнецовты арнайы қызмет ұстады. Оған үлкен көлемдегі сыбайлас жемқорлық жасады деген айып тағылып отыр. Бұл соңғы айдағы екінші оқиға. Сәуірде Шойгудың орынбасары Тимур Иванов та тура осы айыппен ұсталған болатын.

Бұлар әскери қылмыс болғандықтан жабық режимде іс қаралатыны сөзсіз. Десе де алдағы күндері Сергей Шойгудың да министр болған кездегі жұмысына сұрақтар туындауы мүмкін. Себебі Евгений Пригожиннің бүліктен кейін араға 2 ай салып әуе апатынан қайтыс болғанын ескерген жөн.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
2
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!