Columbus -3℃
  • 529.7
  • 551
  • 5.15

Қытай мен Ресей АҚШ-ты ортақ айыптады: Шиеленіс жалғаса бермек

Қытай мен Ресей АҚШ-ты ортақ айыптады: Шиеленіс жалғаса бермек Фото: Рейтер

Бұдан екі апта тұрын АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Бейжіңге сапарлай барған. Ол Қытай билігін Ресейдің Украинадағы соғысын қолдамауға, әскери және азаматтық мақсатта пайдалануға болатын тауарларды экспорттамауға шақырған болатын. Путин мен Си кездесуінен кейін Мәскеу мен Бейжің өзінің қарым-қатынастарын тұрақты дамыта беретінін байқатты. Тіпті Құрама Штаттарды жаһандық тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырғанын да меңзеді. 

Бірлескен мәлімдемеде: "АҚШ өзінің абсолютті әскери артықшылығын сақтау үшін стратегиялық тұрақтылыққа нұқсан келтіру әрекетіне тағы да елеулі алаңдаушылық білдіреміз" деген сөздер кездеседі. 

Бұған қоса АҚШ төндірген қауіпсіздік қатерлері қатарында мыналарды атаған: 

Америка Құрама Штаттары «жаһандық зымыранға қарсы жүйені құрып, зымыранға қарсы жүйелерді бүкіл әлемде және ғарышта орналастырады; Жоғары дәлдіктегі ядролық емес қарулардың қабілетін күшейтеді; Басқа тараптардың әскери операцияларын, соққы жасау мүмкіндіктерін жоюға тырысуда; НАТО-ны күшейтіп, Еуропалық кейбір одақтастарымен «ядролық бөлісу» келісімін жүзеге асыруда;  Ұлыбритания және Австралиямен ядролық сүңгуір қайықтарды дамыту мен пайдалану бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруда;  Азия-Тынық мұхиты мен Еуропадағы одақтастарына құрлықтағы қысқа және орта қашықтықтағы зымырандарды орналастыру, қамтамасыз ету жоспарларын жүзеге асырып келеді" делінген.

Мәскеу мен Бейжің өзара қарым-қатынастарын дамыту әрекеттері үшінші жаққа бағытталмағанын айтты. Дегенмен, екі ел арасында ынтымақтастық тағы да жаңа деңгейге қарай көтеріле түскенін көруге болады. Бұл олармен бәсекелес өзге де державалармен болған шиеленістің тіпті де күшейе түсетінінен дерек береді. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!