Columbus -3℃
  • 529.7
  • 551
  • 5.15

"Үлкен жетілік" саммиті:

"Үлкен жетілік" саммиті: "Аспанға қараймын..."– "Үлкен жетілік" лидерлері Италияда бас қосты. Фото: Еуронюс.

Әлемдегі ең үздік экономикаға ие алдынғы 7 мемлекет арасындағы дәстүрлі саммит биыл Италияда бас қосты. Бүгін, 14 маусым "Үлкен жетілік" саммитінің соңғы күні. Олар әлемдегі ең елеулі мәселелер турасында пікір алмасты. Ең негізгі тақырыптардың қатарында Украинадағы соғыс тұрды. 

Саммиттің бірінші күнінде «Үлкен жетілік» елдері Ресейдің тыйым салынған активтерінен алынған пайыздар есебінен Украинаға 50 миллиард доллар несие беру туралы талқылады. Нәтижесінде барлық тарап бұған келісімін берді. Өздері бұл келісімді Батыстың пәрменділігі деп бағалады.

Ал, G7 мүшелерінің бүгінші басты тақырыбы – Қытай. Жұмадағы келіссөздерде Қытайдың шамадан тыс өнеркәсіптік әлеуетінен келіп шығатын қиындықтар, жергілікті нарыққа араласу әрекеттері (Батыс үкіметтері Бейжіңді өз ішіндегі нарыққа мақсатты араласып, отандық компанияларымен шетелдік компанияларға бірдей қарамайды деп санайды) және Ресейдің соғыс әрекеттерін қолдауына қатысты тақырыптар сөз болды. Саммитке қатысушылар Бейжіңнің бұл әрекеттеріне алаңдайтындарын білдірді. 

Осылайша ең дамыған 7 ел бас қосқан саммиттің негізгі тақырыбы Ресей мен Қытай болды. Әрине одан өзге Еуропаға ағылған босқындар мәселесі, климат өзгерісі секілді тақырыптар да болды. Жиынның негізгі сұрағы алдағы даму бағытын бағдарлау болатын. Айтпақшы, жиынға жетекші дамушы елдердің ұйымы саналатын БРЕКСИТ мүшелері Бразилия, Оңтүстік Афрка және Үндістан өкілдері де қатысып жатыр. 

"Үлкен жетілік" саммитінен кейін қалыптасқан және жаңа державалар арасындағы қайшылықтың асқына түскені анық көрінді. Оған қоса Америка Құрама Штаттарының түрлі халықаралық ұйымдағы ықпалының жан-жақты жұмыс істеп жатқаны да аңғарылды. 

Саммиттен екі күн бұрын ЕО тарабы шілде айынан бастап импортталған қытайлық электромобильдерге 38,1%-ға дейін қосымша баж салығын енгізетінін жариялаған болатын. Бейжің ЕО-ны АҚШ-тың айтқанынан шыға алмады деген сыңайда айыптап, өз мүддесін қорғау үшін жауап шараларын қабылдайтынын ескерткен. Сол ескертудің нәтижесі ме, әлде есептелген қадам ба ЕО мүшелері "Үлкен жетілік" саммитінде Қытайға қарсы жаппай сауда соғысын болдырмауды қалайтынын аңғартты. G7 ішінде Қытайдың мемлекеттік субсидияларына қалай қарсы тұру керек деген мәселеде пікір алуандылығы пайда болды. 

Қосымша айта кетейік, аулына жақын келген G7 басшыларымен, өзге елдердің лидерлерімен Рим папасы Франциск де жолықты. Дін көсемі кездесудің тақырыбын жасанды интеллектке арнаған. 

 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!