Алматының Түрксіб ауданында 6100 оқушы орны мен балабақшада 260 орын ашылады

Түрксіб ауданында әлеуметтік инфрақұрылым дамып келеді. Білім беру мен денсаулық сақтау саласында бір мезетте 20-дан астам жоба жүзеге аспақ. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Бақытжан Ақжаров биыл іске қосылатын және алдағы екі жылға жоспарланған жұмыстар туралы айтты, - деп хабарлайды alnews.

Биыл аяқталған жобалар:
•    №59 мектеп-гимназиясының бөлімшесі қайта жаңартылды,
•    жатақханасы бар Телекоммуникация колледжінің құрылысы.

Жыл соңына дейін пайдалануға берілетіндер:
•    Time City, Парасат, Altyn City, Jeti Qazyna тұрғын үй кешенінде 6100 орындық 4 жаңа мектеп,
•    №50 мектептің сейсмикалық күшейтілуі,
•    ПК Қонаевта 260 орындық балабақша.

Жас-Қанат шағынауданында үлкен жоба — Шығармашылық дамыту орталығының құрылысы басталды.

2026 жылға арналған жобалар:
•    №170 мектепте 125 орындық қосымша ғимарат салынады,
•    №78 мектепті 450 орынға қайта жаңартады.
Сонымен қатар 6 үлкен білім беру нысанының жобалау жұмысы жүргізіліп жатыр, оның ішінде:
•    №74, №89, №20 мектепте жаңа ғимараттар салу,
•    №142 және №84 мектепті жаңғырту,
•    Алтай, Әлмерек шағынауданы мен Огарев көшесінде балабақша жобалау.

Биыл Жұлдыз шағынауданындағы №20 емханаға күрделі жөндеу жүргізілді.

Жыл соңына дейін аяқталатын жобалар:
•    Айбасов көшесінде 200 адамға арналған амбулатория алынады,
•    №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімін жаңғыртады.

Намаганская көшесінде ауысымына 500 адам қабылдайтын емхана салынады. Оның құрылысы келер жылдың тамызында бітпек.
  
Алты нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, оған мыналар кіреді:
•    200 адамға арналған 2 отбасылық-дәрігерлік амбулатория (РВ-90 және Әлмерек ш/а),
•    №24 қалалық емхана мен Фтизиопульмонология орталығы ғимараттары күрделі жөндеуден өтеді,
•    №8 қалалық клиникалық аурухананы жаңғыртады,
•    Қайрат шағынауданында 340 адамға арналған емхана салынады.

Алдыңғы
Қазақ спорт және туризм академиясының жаңа заманауи күрес спорт кешені ашылды

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу