Columbus -3℃
  • 529.7
  • 551
  • 5.15

Әлемде жаңалық көретін адамдар саны күрт азайып кеткен

Әлемде жаңалық көретін адамдар саны күрт азайып кеткен Фото: 24kz.

Соңғы зерттеу нәтижесінде әлемде жаңалық көретін адамдар саны күрт азайып еткені мәлім болды. Зерттеушілер мұның себебін дүние жүзінде болып жатқан кейіске толы оқиғалардың теріс әсере деп түсіндіреді. 

Оксфорд университетінің журналистиканы зерттейтін Рейтер институты (Reuters Institute for Study of Journalism) әлем елдеріндегі жаңалық көрушілер санына қатысты зерттеу жүргізген. Зерттеу көлемі 47 мемлекеттегі 100 мыңға жуық адамды қамтыған. Сауалнамалар нәтижесі көрсеткендей арнайы жаңалық көрмейтіндер саны 39 пайызды құраған. Бұл 2007 жылы 29 пайыз шамасында болған екен. 

Рейтер институты зерттеушілерінің болжауынша адамдардың жаңалық көргісі келмейтіні Таяу Шығыс, Украина немесе өзге де жерлердегі қарулы қақтығыстардың әсерінен болуы мүмкін.

Кейбір елдердегі саяси науқандар, спорттық бәсекелер, өзге де ауқымды шаралардың болып жатқанына қарамастан, жалпы әлем елдерінде арнайы жаңалықтар топтамасын күтіп қарайтындар саны азаю үстінде. Бұған расында әлемнің әр түкпіріндегі қақтығыстар, зорлық-зомбылық әрекеттері туралы жаңалықтардың көбеюі де әсер еткен болуы мүмкін. 

Бұдан бөлек, мобильді интернеттердің, әлеуметтік желілердің дамуы да адамдардың арнайылап жаңалық қарайтын әдеттерінен айыра бастаған болуы мүмкін. 

Ақпараттық технологиялардың жаңа буыны адамдардың ақпарат алмасу арналарын өзгерістерге түсірді. Жоғарыдағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Британиялықтардың төрттен үшке жуығы (73%) жаңалықтарды онлайн алатын болса, 50% теледидардан, ал газет-журналдардан тек 14 пайыз адам ғана жаңалықтарды оқиды. 

Батыс елдерінде де Facebook жаңалықтардың ең маңызды әлеуметтік медиа платформасы болып табылады, бірақ оның танымалдығы соңғы уақытта төмендеп келеді. Ал YouTube және WhatsApp маңызды жаңалықтар көзі саналуда. TikTok жақында танымалдығы жағынан X желісін (бұрынғы Twitter) басып озды. 

Бұл қазіргі адамдардың информацияны қабылдау тәсілдерінің жаңарып жатқанын көрсетеді. Уақыт өте келе телевизия саласы да дәстүрлі ақпарат құралдарының қатарында қалады деген болжамдар да бар. 

 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!