Алматыда ашық аспан астындағы кинокөрсетілім өз мәресіне жетті

Алматыда Жастар саясаты басқармасының қолдауымен қала волонтерлері жаз бойы барлық аудандарда тегін отандық фильмдерді көрсетіп, ашық аспан астындағы ерекше жобаны жүзеге асырды. Биылғы маусым республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтіп, әрбір көрсетілім алдында көрермендерге экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кейбір фильмдерден кейін сенбілік шаралары ұйымдастырылып, жастар қала тазалығына өз үлесін қосты.

         Үш айдың ішінде 50-ден астам кинокөрсетілім өткізіліп, мыңдаған алматылықтар жаңа қазақстандық фильмдерді тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

        
         «Біз бұл жобаны тек мәдени демалыс ретінде ғана емес, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, әлеуметтік жауапкершілігін арттыратын маңызды алаң ретінде қабылдаймыз. Кино арқылы қоғамға ой салуға, жастардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік бар. Сондықтан жобаны алдағы жылы да жалғастыруды жоспарлап отырмыз», – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.


         «Мен осы жоба аясында үш-төрт рет фильм көрдім. Ең кереметі – жаңа қазақстандық картиналарды алғашқылардың бірі болып көру мүмкіндігі болды. Әр фильмнен кейін достарыммен бірге талқылап, жаңа әсер алдық. Бұл тек кино емес, нағыз мәдени кездесу орнына айналды», – деді көрсетілімге қатысқан жас алматылық Айдос Ержанов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ашық аспан астындағы кинокөрсетілімдер тұрғындардың сүйікті мәдени жобасына айналып үлгерді. Бұл бастама келер жылы да жалғасын тауып, қала тұрғындары мен қонақтарына жаңа қазақстандық фильмдерді тамашалауға мүмкіндік береді.

 

Алдыңғы
Сейсмическая безопасность: студенты Алматы учатся действовать в условиях чрезвычайных ситуаций
Келесі
В Алматы завершился сезон кинопоказов под открытым небом

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу