Columbus -3℃
  • 529.7
  • 551
  • 5.15

Ресей-Солтүстік Корея: Қорғанысты негіз еткен ынтымақтастық тереңдей түсті

Ресей-Солтүстік Корея: Қорғанысты негіз еткен ынтымақтастық тереңдей түсті КХДР басшысы Ресей президентін әуежайдан күтіп алды. Фото: CNN

Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Кореяға сапарлай барды. Бұл оның ширек ғасырдан бергі алғашқы сапары деуге болады. Бүгін, 19 маусым күні екі ел әскери ынтымақтастықты тереңдету келісіміне қол қойысты. Бұл елісім бір тарап шабуылға ұшыраған жағдайда екінші тараптың көмек көрсету уәдесін де өз ішіне қамтиды.

Келісімнен кейін екі ел қарым-қатынасын КХДР басшысы "Одақ" деп атаса, Ресей президенті қорғаныс элементтерін қамтитын «жан-жақты стратегиялық серіктестік» деп мәлімдеді. 

Жаһандық шиеленіс қызып тұрған жағдайда Мәскеу мен Пиоңяң (Пхенянь) қарым-қатынасының бұлай дамуы Батыс елдерін алаңдатары анық. Себебі, кездесу барысында Пиоңяң Украинадағы соғыста Ресейді табанды қолдайтынын ашық аңғартты.

Ал Украинаны қолдаушы Батыс елдері үшін бұл алаңдатарлық жағдай. Батыс елдері Солтүстік Кореяның ядролық немесе баллистиалық зымырандары Украинадағы соғысқа араласып кете ме деп қауіптенеді. 

Мәскеу-Пиоңяң байланысының жедел дамуы, әсіресе, Сеул мен Вашингтонды алаңдатады. Қос тарап та Путиннің КХДР сапарын қалт жібермей қадағалап отыр. 

Корей Халықтық Демократиялық Республикасының ең жоғары басшысы Ким Жоң Ун (Ким Чен Ын) әдетте шетелдік лидерлермен сирек кездеседі. Бұл рет Ресей басшысын қарсы алу шарасы аса дабыралы, әрі салтанатты өтті. Бұл екі ел өзара мүдделерін тоғыстырып, терең ынтымақтастыққа бет бұрғанын көрсететін бір ғана белгі.

Дипломатиялық іс-қимылдар мен ресми мәлімдемеге қарай отырып, Ресей мен Солтүстік Корея қорғаныс саласын негіз еткен берік ынтымақтастық құруға баса назар аударатыны түсінікті болды. Ал қос елдің бұл қадамы қалай да олардың стратегиялық бәселестеріне зор әсерін береді. Әрі бұл жаһандық шиеленістің тіпті де күшейе түскенін түсіндіреді.

 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!