Columbus -3℃
  • 528.9
  • 551
  • 5.13

Блинкен сапары Қытайға таңдаудағы қолайсыздық әкелді

Блинкен сапары Қытайға таңдаудағы қолайсыздық әкелді АҚШ пен Қытайдың СІМ жетекшілері кездесті. Фото: Washington Post

Бұдан бұрын Бейжіңге Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қысқа уақыттық сапармен барып қайтқан. Сәуірдің бас шенінде АҚШ-тың Қаржы министрі Джанет Йеллен Қытайға екінші сапарын аяқтады. Бұл барыста ол Қытайдың жоғары лауазымды жетекшілерімен санкция мәселелері бойынша сөйлескен.

Ал Блинкен сапары Бейжіңнің Украина мәселесінде шешуші таңдау жасауға шақыру үшін жасалды деп түсінуге болады. Блинкеннің Бейжіңде айтқан: “Егер Қытай Ресейге көмек көрсету мәселесінде шешім қабылдамаса, онда ол шешімді Вашингтон қабылдайды” деге сөзі қазір қызу талқыда тұр. 

Осыдан кейін Блинкен сапары қарсаңында қытайлық ақпарат кеңістігінде ұлтшыл, солшыл сарапшылардың мысқыл мен кекесінді молайтуының себебін түсінуге болады. Былайша айтқанда Блинкен кезекті жолы Қытайға салмақты мәселерлермен келді. Ресеймен қарым-қатынас алдында Қытайға таңдау жасау қиынға соғуда. Сондықтан Блинкеннің уәжін тыңдағысы келмеген тарап оған түрлі дипломатиялық сигналдар арқылы қысым жаратты. 

Бейжіңдегі Қытай Сыртқы істер университетінің профессоры Ли Хайдун БАҚ-қа мынадай пікірімен бөлісіпті: «Біз АҚШ шенеуніктерінің Қытаймен байланысты қатынасты жақсарту үшін келуін құптаймыз. Бірақ Блинкен Қытайға ультиматум қою үшін келген сыңайлы. Біз оған берілмейміз және негізгі мәселелерімізде ымыраға келмейміз». Бұл пікірден Бейжіңнің Блинкен сапарына қаратқан көзқарасы аңғарылады. 

26 сәуірде Блинкен Қытай басшысы Си Цзиньпиннің қабылдауында болды және СІМ жетекшісі Ван Имен кездесті. Ван И Құрама Штаттарды Қытайдың дамуына тосқауыл қойып отыр деп айыптаса, Блинкен Қытайды Ресейдің Украиндағы соғысын ашық қолдады деп сынға алды. Пікір кереғарлыған қарап АҚШ-Қытай қарым-қатынасы тіпті де терең қайшылыққа ұласқанын аңғаруға болады. 

 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
1
Күлкілі
3
Шектен шыққан
1

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!