Түрксіб ауданындағы 12 демалыс орталығы жасөспірімдерге үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік береді

Алматыда 14-18 жастағы жасөспірімдерге арналған 100 бос демалыс орталығы жұмыс істейді. Оларда 300-ден астам үйірме бар. Бүгінде бұл орталықтар 12 мыңнан астам жасөспірімді қамтып отыр. Мектептен кейін балалар мұнда өз қызығушылығына сай үйірме таңдап, жаңа дағдыларды меңгере алады.

Қалалық желінің 12 орталығы Түрксіб ауданында орналасқан. Аудан жасөспірімдері үшін бұл - үйіне жақын жерде спортпен айналысуға, шығармашылық қабілетін дамытуға және қатарластарымен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік. Үйірмелерге тегін қатысу жасөспірімге өзі қызыққан бағытты байқап көруге, ал ұнаса, сол іспен тұрақты айналысуға жол ашады.

Тұрақты сабақ барысында жасөспірімдер өз еңбегінің нәтижесін көреді. Бірі бұрын қолынан келмеген жаттығуды меңгерсе, енді бірі шығармашылық жұмысын аяқтап, оны өзгелерге таныстыруға үйренеді. Осындай жетістіктер олардың өзіне деген сенімін арттырып, бастаған ісін жалғастыруға ынталандырады.

 

«Сабақтан кейін немен айналысқым келетінін бұрын білмейтінмін. Орталыққа келгелі өзіме ұнайтын іспен тұрақты айналыса бастадым. Бір нәрсе бірден шықпай қалса, қайта жасап көремін. Ал қолымнан келгенде, келесі сабаққа одан сайын барғым келеді», - дейді Түрксіб ауданындағы демалыс орталығының тәрбиеленушісі Сағат Гүлден.

 

Айта кетейік, аталған демалыс орталықтар Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жұмыс істейді.

Алдыңғы
В Алматы в рамках проекта LEZ у более 3,4 тыс. автомобилей выявили превышение норм выбросов
Келесі
В 12-ти досуговых центрах Турксибского района подростки могут бесплатно посещать кружки

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу