Медеу ауданындағы 11 демалыс орталығында жасөспірімдер үйірмелерге тегін қатыса алады

Алматыда 14-18 жастағы жасөспірімдерге арналған 100 демалыс орталығы жұмыс істейді. Орталықтарда 300-ден астам үйірме бар, оларға 12 мыңнан астам жасөспірім қатысады. Мектептен кейін балалар мұнда өзіне қызықты бағытты таңдап, жаңа дағдыларды меңгере алады.

Қалалық желінің 11 орталығы Медеу ауданында орналасқан. Аудан жасөспірімдері үйіне жақын жерде спортпен айналысып, шығармашылық үйірмелерге қатысып, қатарластарымен таныса алады. Сабақтардың тегін өтуі оларға әртүрлі бағытты байқап көріп, өзіне ұнайтын іспен тұрақты айналысуға мүмкіндік береді.

Орталықтарда жасөспірімдер үйірмеге алғаш келген күнінен бастап өз ілгерілеуін байқай алады. Бірі бұрын қиын көрінген жаттығуды меңгерсе, енді бірі өз жұмысын топ алдында таныстыруға үйренеді. Осындай нәтижелер балалардың өзіне деген сенімін арттырып, жаңа бастамаларға батыл кірісуіне көмектеседі.

 

«Алғаш келгенде қай үйірмені таңдарымды білмедім. Бірнеше сабаққа қатысып көрген соң, өзіме ұнайтын бағытты таптым. Қазір сол үйірмеге тұрақты барамын. Орталық маған өз қабілетімді байқауға мүмкіндік берді», - дейді Медеу ауданындағы бос уақыт орталығының тәрбиеленушісі.

 

Айта кетейік, аталған демалыс орталықтар Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жұмыс істейді.

Алдыңғы
В 12-ти досуговых центрах Турксибского района подростки могут бесплатно посещать кружки
Келесі
В 11 досуговых центрах Медеуского района подростки могут бесплатно посещать кружки

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу