Алматыда LEZ жобасы аясында 3,4 мыңнан астам автокөліктің зиянды шығарындылары белгіленген нормадан асқаны анықталды

Алматыда шығарындылар деңгейі төмен аймақ (LEZ) пилоттық жобасының кезекті аралық қорытындысы шығарылды, - деп хабарлайды alnews.

2026 жылы 1 қыркүйек пен 24 қараша аралығында 18 581 автокөлік техникалық тексеруден өтті. Оның ішінде 3 435 көліктің, яғни тексерілген автокөліктердің жалпы санының 18,4%-ында шығарындылардың белгіленген нормадан асқаны анықталды.

Тексеру барысында ең жиі анықталған сәйкессіздік – пайдаланылған газ құрамындағы көміртек тотығының (CO) шамадан тыс болуы. Мұндай 2 316 жағдай тіркелді. Тағы 788 автокөлікте көміртек тотығы мен көмірсутектердің мөлшері қатар нормадан асса, 298 көлікте көмірсутектердің мөлшері, 33 көлікте түтіндену деңгейі белгіленген талапқа сай болмаған.

2 305 автокөлік қайта өлшеуден өтті. Оның ішінде 1 475 көлік, яғни 64%-ы анықталған ақаулар жойылғаннан кейін белгіленген нормативтерге сай нәтиже көрсетті.

Алынған нәтиже автокөліктерге уақытылы техникалық қызмет көрсету зиянды шығарындылар көлемін азайтуға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

Айта кетейік, LEZ пилоттық жобасы Алматыда Атмосфералық ауаны қорғау қағидалары аясында 2026 жылғы 28 сәуірде іске қосылған. Жоба жыл соңына дейін жалғасады. Қазіргі кезеңде аймаққа кіруге шектеу қойылмайды, айыппұл салу және жүріп өту үшін ақы алу қарастырылмаған.

Пилоттық жобаның нәтижелері негізінде оны одан әрі іске асыру тетіктері айқындалады. Шығарындылар деңгейі төмен аймақтың тұрақты жұмыс істеу шекарасы Алматы әкімдігінің жеке қаулысымен бекітілуге тиіс.

Қаладағы зиянды шығарындылардың жалпы көлемінің шамамен 60%-ы автокөлікке тиесілі. Осыған байланысты көлік иелеріне автокөліктерінің техникалық жағдайын қадағалап, шығарындылар деңгейіне әсер ететін ақауларды дер кезінде жою ұсынылады.

Алдыңғы
Пострадавшим при пожаре в Бостандыкском районе Алматы оказывают необходимую помощь
Келесі
В Алматы в рамках проекта LEZ у более 3,4 тыс. автомобилей выявили превышение норм выбросов

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу