Tatler Asia Алматыны Азиядағы қысқы демалысқа арналған үздік сегіз бағыттың қатарына қосты

Алматының халықаралық туристік әлеуеті тағы бір мәрте мойындалды. Tatler Asia беделді басылымы қаланы Азиядағы қысқы демалысқа қолайлы сегіз үздік туристік бағыттың тізіміне енгізді, - деп хабарлайды alnews.

Бұл тізімде Алматы Жапонияның Хоккайдо, Қытайдың Харбин және Оңтүстік Кореяның Тогюсан сияқты танымал қысқы демалыс орындарымен қатар аталды.

Басылым Алматының басты артықшылықтарының бірі ретінде қалаға жақын орналасқан тау курорттарын атап өткен. Аспалы жолмен «Медеу» кешенінен «Шымбұлаққа» 20 минутқа жетпей жетуге болады. Ал одан әрі теңіз деңгейінен 3 200 метр биіктіктегі Талғар асуына көтерілуге мүмкіндік бар. Мұнда түнгі уақытта шаңғы тебуге болатын әлемдегі ең биік тау шаңғысы трассасы орналасқан. 

Алматыны басқа туристік орталықтардан ерекшелендіретін басты қасиет – заманауи қалалық өмір мен биік таулы табиғаттың қатар үйлесуі. Туристер бір күннің ішінде тау шаңғысын теуіп, ұлттық мәдениетпен таныса алады, музейлерді аралап, мейрамханалар мен заманауи өнер кеңістіктеріне бара алады. 

Қаланың осы мүмкіндіктерін кеңейту үшін Алматы әкімдігі тау кластерін дамыту жобасын жүзеге асырып жатыр. Оның аясында жаңа аспалы жолдар салу, тау шаңғысы трассаларын көбейту, көлік және инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру, сондай-ақ жыл бойы туристерді тартатын жаңа демалыс орындарын қалыптастыру жоспарланған.

Tatler Asia жариялаған бұл рейтинг Алматының халықаралық туристік нарықтағы танымалдығын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар отандық курорттардың бәсекеге қабілеттілігін танытып, шетелдік туристер мен инвестиция тартуға жол ашады. Бұл қаланың Азиядағы болашағы зор тау туризмі орталықтарының бірі ретіндегі беделін нығайта түседі.

Алдыңғы
Более 100 компаний Узбекистана представили в Алматы возможности для торгового и инвестиционного сотрудничества
Келесі
Алматы вошел в число лучших направлений Азии для зимнего туризма по версии Tatler Asia

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу