Columbus -3℃
  • 529.7
  • 551
  • 5.15

Таяу-Шығыста түбегейлі тыныштық үшін келіссөздер басталды

Таяу-Шығыста түбегейлі тыныштық үшін келіссөздер басталды Фото: VN Express

Осы аптада АҚШ-тың ара ағайындығы мен Израиль және Ливан ортасында келіссөздердің алғашқы қадамы жасалды. АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдері келіссөздерді алғашқы адымда талқылау үшін өткен демалыс күндері Ливанға барған болатын. 

Америкалық дипломаттардың Ливанға баруы АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің аймақтағы жұмыс сапары тұсында жасалды. Ол былтыр қазаннан бері Таяу-Шығысқа 11 рет сапарлап отыр. 

Соғыс негізінен Израиль мен Хезболла исламшыл тобы ортасында болып жатқандықтан, америкалық дипломаттармен аталған ұйым өкілі кездесті. Ливанның премьер-министрімен де АҚШ өкілдері жеке кездесу өткізген. 

Айта кетейік, жақында ғана Израиль арнайы операциялар арқылы Хезболла басшысын және оның орнына тағайындалғалы жатқан ізбасарын да өлтірген болатыр. Қазір Хезболланы ұйым ішіндегі беделді жетекшілер бірлесіп басқарып отыр деген мәліметтер бар.

Ал АҚШ делегациясымен Хезболла тарабынан Набиб Берир келіссөз өткізген. Ол елдегі шит мұсылмандарының жоғары жетекшілерінің бірі болып саналады. 

Америкалық дипломатия қызметкерлерінің Бейрутқа барғанына қарамастан, Израиль Ливанға қарата әуе шабуылдарын тоқтатқан жоқ. Соңғы күндері Израиль күштерінің нысанасына ливандық банк ғимараттары да ілінуде. Олар банктерді Хезболланы қаржыландыруға көмектесіп жатыр деп айыптайды. 

 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!