Columbus -3℃
  • 529.7
  • 551
  • 5.15

ШОЛЬЦТЫҢ ОРТА АЗИЯ САПАРЫ: "Орта Азия + Германия"

ШОЛЬЦТЫҢ ОРТА АЗИЯ САПАРЫ: "Орта Азия + Германия" Фото: Ақорда

Бүгін Астанада "Орта Азия + Германия" саммиті өтіп жатыр. Бұл аймақ елдері мен Германия арасында 5+1 форматындағы екінші саммит. Кеше ғана елімізге ресми сапармен келген Германия канцлерінің сапар мақсатының бірі осы жиын. 

Саммит аясында қарастырылатын ең басты мәселе сауда-экономикалық іс-қимылдарды дамытудың күй-жайы. Соның ішінде бірлеске инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды сөз етеді. Тараптар соңғы жылдары стратегиялық әріптестікті қарқынды арттырып келе жатқанын ескерсек, бұл жиын алты тарапқа да сауда-экономика тұрғысында маңызы зор. 

АСТАНА-БЕРЛИН АРАСЫНДА

Кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Германиялық әріптесін қарсы алды. Тараптар шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Турасында екі ел арасында маңызды келісімдер осыған дейін де жасалып қойған. Бұл ретте стратегиялық әріптестікті нығайтудың жолдарын пысықтап, қосымша ғылым мен білім, энергетика, экология салаларында байланысты арттырудың жолдарын қарастырды. Осы бағыттағы бірқатар маңызды құжаттарға қол қойысты. 

Соңғы жыл қазақ-неміс байланысының тарихтағы ең бір табысты жылы деуге болады. 2023 жылы екі ел арасындағы сауда алмасулар тебіні баршаны таң қалдырып еді, ал биыл жеті айдың ішінде былтырғы шамадан 13 пайызға асып түсті. Қазір екі ел арасындағы сауда көлемі 2,3 млрд АҚШ долларын құрайды. 

Жандана түскен сауда байланыстарына қарай, Германияның елімізге бағытталған инвестициясы да зор секіріс жасады. Бір жыл ішінде неміс инветициясының көлемі бірден 64 пайызға жоғарылады. Бұл елімізге 770 миллион доллардан аса инвестиция тікелей инвестиция салынғанын білдіреді.

АЙМАҚТАҒЫ ГЕРМАНИЯ МҮДДЕСІ

Германияның Орта Азия аймағына деген қатысуы Украинадағы жағдайдан кейін шұғыл өзгерді. Оның үстіне Еуроодақтағы өзге әріптестері, Британ жұрты да аймақ елдерімен барыс-келісін қайта пысықтап жатқан тұста, ЕО елдері ішіндегі көшбасшы ретінде Берлин тарабы да өзіндік белсенділік танытты. 

Германияның аймақтағы мүддесін екі қырынан қарастыруға болады: 

  1. Ел ішіндегі экономикалық, энергетикалқы қиыншылықтар тұсында балама жолдарды қарастыру. Әсіресе Украинадағы соғыстан кейін Германия энергетика саласында Ресейді алмастыратын балама жолдарға мүдделі бола түсті.
  2. Аймақтағы табиғи ресурстан болашақ энергия саласында маңызды бола түспек. Германия секілді ірі ойыншылар аймақтағы сирек металл қорына да көбірек қызығушылық танытады. Себебі, болашақта жасы энергия өндірісінде аймақтағы табиғи ресурстан ірі державалар үшін бағалы бола түседі деген болжам бар. Сондықтан да бірқатар елдер аймақтың транзиттік артықшылықтарына қоса, табиғи ресурстарын да ескере отырып, ондағы елдермен қарым-қатынастарын дамытуды көздейді. 

 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!