Almaty 4℃
  • 527.3
  • 556.5
  • 5.15

ШОЛЬЦ САПАРЫ: Қазақстан мен Германия қандай жаңа келісімдер жасасты?

ШОЛЬЦ САПАРЫ: Қазақстан мен Германия қандай жаңа келісімдер жасасты? Фото: Ақорда

Астанада өткен "Қазақстан-Германия" бизнес форумына қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-герман қатынасының жаңа кезеңі басталғанын мәлімдеді. Ол Германия канцлері Олаф Шольцтың кезекті сапары осы жаңа кезеңнің шымылдығын ашқанын атап өтті. 

Форумнан бұрын мемлекет басшылары  энергетика, машина жасау, логистика, тау-кен металлургиясы және ауыл шаруашылығы салаларындағы қазақ-герман бірлескен жобаларына арналған көрде болған. Форум барысында екі ел басшысы стратегиялық ынтымақтастықтың дамуына оң баға берді. 

Бизнес форумында Президент Тоқаев қазақ-герман стратегиялық ынтымақтастығын дамыту бойынша «Аса маңызды шикізатты инвестиция мен технологияға айырбастау» прагматикалық формуласын негіз ететінін, оған сай табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу ісін бірлесіп дамытуды ұсынды. 

«Біздің минералды-шикізат қорымызда әлі барланбаған бес мыңнан астам кен орны бар. Бұл кеніштердің құны триллиондаған долларға бағаланады. Бүгінде біз Еуропа Одағының экономикасы үшін аса маңызды 34 сирек кездесетін материалдың 19 түрін өндіреміз. Осыған орай Минералдық ресурстар жөніндегі неміс агенттігі (DERA) мен қазақ серіктестері маңызды шикізат саудасы бойынша консорциум құрып жатыр. Біз бұл бастаманың таяу арада нақты іске асуын асыға күтіп отырмыз. Бұдан бөлек, HMS Bergbau компаниясының Шығыс Қазақстанда литий элементін қайта өңдейтін зауыт салу үшін барлау жұмыстарын жүргізу туралы жоспарын құптаймыз. Бұл жобаға салынатын инвестиция көлемі – 500 миллион доллар. Еліміздің бай ресурс қоры өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығымызды кеңейте түсуге мол мүмкіндік береді", – деген Президент.

"Қазақстан-Гермнаия" бизнес форумында тараптар 12 қол қойылған құжаттармен алмасты. Олар: 

1.Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Германия экономикасы Шығыс комитеті арасындағы Техникалық реттеу саласындағы ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Германия бастамаларының Жол картасы;

2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Svevind Energy компаниясы арасындағы «Жасыл сутегі» жобасына байланысты зерттеу жүргізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;

3. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Siemens» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы өзара түсіністік туралы стратегиялық меморандум;

4. «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен «Siemens Central Asia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісім;

5. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен «SKYHANSA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы Халықаралық жүк және жолаушылар әуежайының құрылысы бойынша жобаны бірлесіп іске асыру жөніндегі негізгі келісім;

6. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен «HORSCH Maschinen GmbH» арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

7. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен «KfW Bankengruppe» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

8. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен «CLAAS Global Sales GmbH» арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

9. «Ұлттық технологиялық болжау орталығы» РМК және ГФР Геоғылымдар мен табиғи ресурстардың федералдық институты (BGR) арасындағы ниет туралы меморандум;

10.«Қазақстан даму банкі» АҚ мен Deutsche Bank арасындағы мандаттық хат;

11. «Qazaq Kalium Ltd.» АҚ және KfW Bankengruppe, Euler Hermes Group арасындағы «Батыс Қазақстан облысындағы «Сәтімола» кен орны базасындағы калий тұздары мен бор қышқылын өндіретін байыту-өндірістік кешенін салу» жобасы бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум;

12. «Агромашхолдинг» АҚ және Amazonen-werke h. Dreyer Se & Co.Kg. арасындағы Қостанай облысында «Condor» сепкіштерін бірлесіп өндіру бойынша жобаны іске асыру жөніндегі келісім.

Бұдан тыс екі елдің түрлі орталық және жергілікті мемлекеттік органдары, бизнес құрылымдары арасында 23 құжатқа қол қойды. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!