Columbus -0℃
  • 501.5
  • 525
  • 4.95

Қол тежегішін тартқан дұрыс па?

Қол тежегішін тартқан дұрыс па? Сурет: Самат Құсайынов

Тегтер:

Автоматты беріліс қорабы бар автомобильдердің иелері көбіне қол тежегішін пайдаланбайды. Олар тұрақ режимі (Р) қол тежегішімен бірдей функцияларды орындай алатынына сенімді. Алайда сарапшы басқаша ойлайды.

Автоматты беріліс қорабындағы «тұрақ» режимі беріліс қорабының шығыс білігінің айналуын тісті дөңгелек (шестерна) пен «тіректен» тұратын арнайы механизм арқылы бұғаттайды. Бұл механизм автомобиль ішіндегі беріліс қорабы селекторы арқылы іске қосылады. Редукторды ауыстыру тұтқасы P (тұрақ) күйіне жылжытылғанда, арнайы түйреуіш беріліс қорабындағы тісті дөңгелектерге киіліп бекітіледі.

Ал тұрақ тежегіші, негізінен доңғалақты колодкалар арқылы қысып, автомобильдің дөңгелектерін тікелей бұғаттайды.

Осыған сүйене отырып, қол тежегіші автомобильді орнында сенімдірек ұстайтыны анық. Бұл әсіресе көлік еңіске қарап тұрғанда өте маңызды. Мұндай жағдайда қол тежегішті қолданбасаңыз, тек автоматты беріліс қорабындағы механизм ғана ұстайды. Нәтижесінде, беріліс қорабының бұзылуына әкелуі мүмкін.

Қол тежегіші көлік құралының қауіпсіздік жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Бұл автоматты беріліс қорабы істен шыққан жағдайда да көлікті орнында ұстауға көмектеседі. Сондықтан автоматты беріліс қорабы бар көлік жүргізушілері міндетті түрде қол тежегішті қолдануы керек, деп түйіндеді сарапшы.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!