Дегенмен ұйқы жөніндегі шетелдік сарапшы Эшли Хейнсворт адамның қарны ашқан күйі ұйықтай алмайтынын және бұлай жасау оның (ұйқының) сапасын бұзатынын айтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Маман ұйықтауға кедергі келтіретін және ұйқы сапасын бұзатын түнде тамақтанудың танымал әдеттерін тізіп берді. Дұрыс ұйықтауды үйрететін маманның пікірін Daily Mirror басылымы келтірген.
Хейнсворт ашыққан күйі ұйықтамауға кеңес береді, өйткені бұл жағдайда ағзаның ұйқыға бағынуы қиынырақ. Сонымен қатар, оның пікірінше, кейбір жеңіл-желпі жей салатын тағамдар ұйқыны бұзуы мүмкін.
«Көмірсулар мен қант бізге қуат береді, ми жұмысын жақсартқандай болады, бірақ мазасыздықты күшейтеді, сондықтан ұйықтар алдында мүмкіндігінше оларды тұтынудан аулақ болған дұрыс», — деп кеңес берді сарапшы.
Сарапшы кез-келген дәнді дақылдарды, құрамында алкоголь мен кофеин бар сусындарды, сондай-ақ ащы тағамдарды кешкі уақытта тұтыну қажетсіз деп атады. Ол бұрышты шамадан артық жеу ұйқы алдында асқазанда қыжыл тудыруы мүмкін екенін түсіндірді. Кешкі пайдалы тағамдар ретінде маман жаңғақтар мен ашымал сүт өнімдерін ұсынды.