Columbus -0℃
  • 501.5
  • 525
  • 4.95

Ж.Ерман: Қонаевты ұлы адам деп есептемеймін

Ж.Ерман: Қонаевты ұлы адам деп есептемеймін Коллаж: Н.Өрісұлы

Тегтер:

Сұхбат жан-жақты өрбіді. Өзі тәрбиелеп өсірген шәкірті Жандарбек те сұрақты үсті-үстіне қойып, кейіпкерінің шынайы сөйлеуіне итермеледі. Сондықтан болар Жүрсін ағамыз да ойын ашық айтуға тырысты. 

-    Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдығы болды ғой аға. Өте бір қиын өтті сол айтыс. Құзырлы органдардың күзетуімен өтті. Сол жерде сахна сыртында естідім, қаншалықты рас-өтірігін? Сахнада шәй құйып жүрген қыздардың барлығы ҰҚК қызметкерлерінің қыздары екен деп. Сол рас па?
-    Бұл бос сөз. Сахнада шәй құйып жүретін қыздарды біз өзіміз шақыратынбыз таңдап. Кішкене бойы-басы түзу. Ұлттық киіммен. Ондай әңгіме жоқ. Қонаевқа арнап екі рет айтыс өткіздік ғой. Қонаевтың мерейтойына байланысты. Екеуі де қиын өтті. Балуан Шолақ сарайында өткіздік біреуін.  Сарайдың сыртына 72 шаршы метр Қонаевтың суретін іліп қойдық. «Қонаевтай ер қайда?», - деп. Соны алғызды ғой. Алматы қаласының билігінде отырғандар. Ал дейді. Алдырды. Не істейсің? Қонаевтай тұлғаның айтысы дүркіреп өтті. Ақындар да барын салып тырысып бақты. 
Ал мен өз басым сол Қонаевты соншама ұлы адам деп есептемеймін. Өйткені жіберген көп қателіктері бар. Кекшілдікке салынған кездері болды. Мынау Арқадан шыққан көрнекті қайраткерлерді қызметке қоймай, қудалады. Евней Букетовты, Қаныш Сәтпаевты қудалады. Кітабын шығартпады. Сол менің көңіліме дық ете қалады. Бірақ қалай болғанда да қазаққа еңбегі сіңген адам. Біз бәрі бірдей жақсы болса дейміз. Бірақ ондай болмайды ғой. Бір ісі нашар, бір ісі тәуір болды. Соны ескердік. «Қонаевтай ер қайда?» деген айтыс содан шықты, - деп жауап берді Жүрсін Ерман. 
Сонымен, Д.Қонаев Ж.Ерман айтқандай қайраткерлерге қысастық жасады ма? Сіз қалай ойлайсыз?


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!