Almaty 4℃
  • 526.5
  • 556.5
  • 5.15

АҚШ-Қытай сауда соғысы жаңа деңгейге көтерілуі мүмкін

АҚШ-Қытай сауда соғысы жаңа деңгейге көтерілуі мүмкін Global Times

 

АҚШ Қытайда жасалған электр-қозғалтқышты көліктерге жоғары тариф енгізгені мәлім. Айталық, мамыр айының басында президент Жо Байден қытайлық көліктерге кедендік тарифті 100 пайызға көтеретін заңға қол қойды. Осылайша Қытайдан Құрама Штаттарға экспортталатын көліктерге кедендік тариф бірден 3 есеге өсті. Бұл дегеніміз Америка нарығында қытайлық көліктердің жолы жабылды дегенмен бірдей. Көпшілікке бұның мәні белгілі, дегенмен біз екі ел арасындағы бәсекелік қарым-қатынастың жалпыға бірдей анық болмаған кейбір тұстарына тоқтала кетпекпіз. 

Байден неге қытайлық көліктердің "жолын жапты"?

Экономикалық шешім тұрғысынан:
Құрама Штаттарының нарығында орташа бөлшек сауда бағасымен қарастырғанда электр-қозғалтқышты көліктер бағасы 53 000 доллар айналасында тұр. Байден әкімшілігі елдегі жанар жағармайымен (жанармай) жүретін көліктер санын қысқартып, электр-қозғалтқышты көліктерді (электрлі көліктер) көбейту бағдарламасына күш салуда. Ол үшін жоғарыдағы бағаны арзандатуға тура келеді. Сондықтан үкіметтік субсидиялар тағайындап, әр көлік сатып алушы 7,5 мың долларға дейін үнемдеуге жағдай жасағалы отыр. Алайда, Қытай көліктерінің бағасы соның өзінен де 4 есеге арзан. Нарықтың қарапайым заңы бойынша бұл дегеніміз америкалық көлік өндірісін тұралататын жағдай. Өз өндірушілерінің мүддесін қорғап қалу мақсатында Ақ үй админстрациясы жаңа тарифтік жоспар енгізді. 

Саяси шешім тұрғысынан:
АҚШ жаһандық климат өзгерісі мәселесі мен өз дамуының қарым-қатынасын реттеуге мәжбүр күйде. Былайша айтқанда климаттың өзгерісін болдырмау мен өндірсті дамыту арасында "қақтығыстар" бар. Бұл кереғар қайшылық елдегі экологтар мен либералдар арасындағы дауды біртіндеп күшейте түскендей.

Байден тап болған қиыншылық мынадай: Шығарындылары, орта ластауы төмен деңгейдегі әрі арзан технологияларды импорттау бұл климаттың өзгерісіне қарсы күресуде тиімді қадам; алайда бұлдан америкалық өндіріс пен жаһандық нарық үлкен зиян шеккелі отыр (жаһандық нарықтан көрі АҚШ көбірек зардап шегуі мүмкін); Экологтар арзан әрі ортаға зиянсыз технологияларды көбірек импорттауды талап етсе, келесі тарап ұлттық мүддені алдынғы орынға шығаруды талап етеді. Байден билігі жорғары тарифті енгізген күнде де кейбір қытайлық көлік түрлері ішкі нарықтан бәрі бірдей арзан шығады. Бұл Қытай импортын жеткілікті тежейді және отандық өндіріске де тиімді деп санайды.

Оның үстіне Қытайдан электрлі көліктер мен басқа да таза технологиялар импортына шектеу қоюы Бейжіңнің жалғасып келе жатқан заңсыз және зиянды сауда тәжірибесіне қарата пәрменді шара деп санап отыр. 

Саяси шешім тұрғысынан тағы бір маңызды қыры бар: биыл елде сайлау жылы, биылғы саяси бәсеке 2020 жылғыдан да асып түседі деп күтілуде. Сайлау жақындағанда Байден әкімшілігі отандық өндірушілердің мүддесіне лайық шешімдер қабылдай отырып, өздерінің болашақ билікте қалуына жағдай жасауға тырысуда. Қарсыласы Республикашылдар америкалық өндірісті қорғауда Демократтардан әлде қайда қатаң әрекет ететіні белгілі. 

Геосаясат тұрғысынан: 

Қазіргі АҚШ үкіметі өз стратегиясын америкалық жұмыс орындары мен ұлттық қауіпсіздік үшін тиімді, әрі бүкіл планета үшін жақсы пайдалы деп көрсетуде. Былайша айтқанда Қытайдың сауда тәсілі жаһандық экономикалық жүйеге зиын келтіреді деп қарайды. АҚШ – әлемдегі ірі нарықтардың бірі, кемінде осы нарықта Қытай импортын шектей отырып, жаһандық деңгейде Қытай өндірісінің қарқынын бәсейткісі келеді. Бұл әрі жаһандық лидерлік орынға деген бәсекенің де көрінісінен туған. 

Электр көліктер мен жүк көліктерін қолжетімді бағамен болуын қамтамасыз ету маңызды екені байқалды. Себебі, пандемия кезінде жаһандық жеткізу тармағы осындай мәселелерге бағынышты нәзік тізбек екені анық көрінді. Бұл салада бір тарапты монополияға жол беріп қою, болашақта жаһандық көшбасшылық орынға қауіп төндіретінін аңғартты. 

Технология саласындағы бәсеке тұрғысынан: 

Қытай қазірдің өзінде күн батареялары секілді таза энергия өндірудің негізгі салаларына көшбасшылық ете бастады. АҚШ Қытайды электр көлігі сынды маңызды салада алға салып қоюды қаламайды. 

Бұл арада, сонымен қатар, жартылай өткізгіштер сияқты маңызды өнімдердің мәселесі де бар. Жаңа технология саласында барған сайын маңызды болып бара жатқандықтан, АҚШ Қытай мен өзге азиялық елдерге тәуелді болып қалудан барынша аулақ тұрғысы келеді. 

Жоғарыда айтылғандар, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың ішінде тек электр көліктеріне қатысты жағы ғана. Бір саладағы бұндай терең бәсекелестік екі елдің жалпы қарым-қатынасында бәсекелестік тіпті де ұлғая түсетінін, әсіресе сауда соғысы жаңа деңгейде дамитынын көре аламыз.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!