Бүгін, 8 қазанда Алматы қаласында Орталық Азия Финтех саммиті басталды. Қаржы секторын, цифрлық төлем жүйесі және цифрландыру, электронды экожүйе салаларында аса маңызды тақырыптарды көтерген халықаралық жиынның Алматы қаласында өтуі шаһардың аймақтағы қаржылық орнын айқындайды.
Қазақстандағы және аймақтағы қаржылық технологияларды дамыту мәселелерін, өзгеде экономикалық, қаржылық мәселелерді тақырып еткен халықаралық жиын 8-9 қазан күндеріне жоспарланған.
Central Asia Fintech Summit Алматыдағы Royal Tulip қонақ үйінде өтуде. Онда халықаралық қаржы ұйымдарының, аналитикалық орталықтардың жетекшілері, саланың білгір мамандары, тәуелсіз сарапшылар жиналған.
Жиынның басты мақсаты – елімізде және Орталық Азияда төлем жүйелері мен қаржылық технологияларды дамытуға ықпал ететін білім, тәжірибе және идеялар алмасу алаңын құру. Қазіргі елішіндегі және айсақтағы қаржылық даму үрдісін талқылап, болашақ қаржылық ландшафтын қалыптастыруға ұмтылыс жасау
Аталған форум көрнекті саяси қайраткерлерді, халықаралық сарапшыларды, қаржылық технологиялар көшбасшыларын және жетекші финтех стартаптарының басын қосуды да басты мақсат еткен.
Саммиттің түске дейінгі сессияларында Қазақстандағы қаржы саласының цифрлық дамуы деңгейі сөз болуда. Visa және Mastercard сынды электронды төлем жүйесінің әлемдік алыптары да жиынға өз өкілін қатыстырып отыр. Олар Қазақстанмен электронды төлем жүйесін дамыту, саладағы қылмыстың алдын алу бойынша ынтымақтастықтың артып келе жатқанын баса белгілеп өтті.
The Alnews