Алматыда қаланың Көріктендіру қағидаларының сақталуын бақылау жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері заңды тұлғалар 8 972 көріктендіру төлқұжатын рәсімдеп, жоспарлы көрсеткіштен асып түсті. Бұл туралы қалалық Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты.
Көріктендіру төлқұжаты – меншік иесі немесе пайдаланушының өзіне тиесілі нысанға іргелес аумақты күтіп ұстауға жауапты екенін растайтын құжат.
Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында басқарма мамандары 5 мыңға жуық ауызша ескерту жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша 9 679 әкімшілік материал рәсімдеді. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 111,9 млн теңге болды.
Қала әкімінің тапсырмасымен көріктендіру төлқұжатын рәсімдеу науқаны қайта жанданғаннан кейін қосымша 672 паспорт берілді. Осы кезеңде 547 әкімшілік материал рәсімделіп, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 12,7 млн теңгеден асты.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, бұл шаралар нысан иелерінің жауапкершілігін арттырып, қала аумағында тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталған.
- Тегтер:
- алматы,
- Көріктендіру қағидалары
Соңғы жаңалықтар:
Алматыда арнайы тұрақта көлік сақтау үшін ақы алына бастайды
30 қыркүйек 2026
Алматыда Recycle Бірге күзгі экоакциясы өтеді
30 қыркүйек 2026
Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді
29 қыркүйек 2026
Алматыда болашақ аналарға арналған жаңа орталық ашылды
26 қыркүйек 2026