Алматыда жылу мен ыстық суға берешегі бар тұтынушылардың өсімпұлы кешіріледі

Алматыда жылу энергиясын тұтынушыларға арналған «Қарызды өтеп, өсімпұлдан құтыл!» акциясы басталды. Акция аясында тұрғындар жылу және ыстық сумен жабдықтау қызметтері үшін негізгі қарызын толық өтеген жағдайда есептелген өсімпұлдан босатылады. Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС өкілдері хабарлады.

Сонымен қатар бұл мүмкіндік борышкерлердің мүлкіне және банк шоттарына қойылған тыйымдар мен шектеулерді алып тастауға да жол ашады.

Акцияға қатысу үшін биыл тамыз айынан желтоқсанның соңына дейін негізгі қарызды толық өтеу қажет. Одан кейін «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не өтініш, eGov mobile арқылы алынған жеке куәліктің цифрлық нұсқасы және негізгі қарыздың төленгенін растайтын құжатты (кассалық чек) info@alts.kz электрондық поштасына жолдау қажет немесе тұрғылықты жері бойынша тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының біріне жүгіну керек.

Берешек мөлшері немесе жылу энергиясы үшін есептелген төлемдер бойынша кеңес алу үшін «Алматы жылу жүйесі» анықтама қызметінің 341-07-77 нөміріне хабарласуға болады. Сондай-ақ, +7 (775) 990-50-63 WhatsApp нөмірі жұмыс істейді (тек хабарлама қабылдайды).

Берешек белгіленген мерзімде өтелмеген жағдайда тұтынушылар жылумен жабдықтау қызметінен ажыратылып, қарыз сот тәртібімен өндіріледі.

Алдыңғы
Алматы поднялся сразу на 10 позиций в мировом рейтинге ICCA
Келесі
В Алматы спишут пеню должникам за отопление и горячую воду

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу