2024 жылдың 29, 30 қарашасы мен 1 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры белгілі қазақстандық композитор Хамит Шанғалиевтің «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының әлемдік премьерасын ұсынады.
Операның басты кейіпкері Хан Сұлтан Жошы ханның үшінші әйелі, Алтын Орданың билеушілерінің бірі- Берке ханның анасы. Ол ақылдылығы, қайсар мінезі және саяси көрегендігінің арқасында Алтын Орда тарихындағы маңызды тұлғаға айналып, өзін де, ұлдарын да Жошы ұлысындағы басты қайраткерлердің қатарына қосты.
Қойылымның шығармашылық тобы:
- Идея авторы: Айнұр Көпбасарова
- Драматург: Алмас Нүсіп
- Либретто авторы: Маралтай Ыбыраев
- Композитор: Хамит Шанғалиев
- Режиссер: Давиде Ливермор (Италия)
- Қоюшы дирижер: Нұржан Байбосынов
Ғылыми кеңесшілер:
- Ильнур Миргалеев – Алтын Орда және татар хандарын зерттеу орталығының жетекшісі
- Ілияс Кемалоглу – Мармара университетінің профессоры
- Нұрлан Атығаев – тарих ғылымдарының кандидаты
Афиша авторы:
- Ассоль Сас – жыртқыш құс пен қаланың жану бейнесі арқылы Хан Сұлтанның тағдыры мен оқиғалардың тереңдігін көркем суреттеген.