Columbus -3℃
  • 529.3
  • 551
  • 5.13

Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне грант жарияланды

Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне грант жарияланды Фото: Алматы әкімдігі

Аталған грантты Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы жария етті. Конкурс түрінде жарияланған гранттық қаржыландыру әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне бағытталған. 

5 млн теңгеге дейінгі мөлшердегі өтеусіз негізде мемлекеттік гранттар "Бір ауыл – бір өнім"бағдарламасының финалистері болған әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, шағын және орта кәсіпорындарға  беріледі. Конкурстың жалпы бюджеті 500 млн теңгені құрайды.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер  «Электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық формада Kezekte.kz  жүйесінде 2024 жылғы 14-18 қазан аралығын қоса алғанда қабылданады.

Көрсетілген мерзімнен кейін берілген өтінімдер қабылданбайды. Портал https://kezekte.kz/ тәулік бойы жұмыс істейді.

Байқаудың мақсаты-әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдау және қалада шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.

 

Кеңес беру үшін байланыс:

  1. Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы:

Мекенжайы: Алматы қ., Байзақов к-сі, 303, 302 кеңсе.

Телефон: +7 (727) 390-20-99, +7 (727) 390-20-69.

  1. Алматы қаласының Кәсіпкерлер Палатасы:

Мекенжайы: Алматы қ., Абылай хан даңғылы/қиылысы Әйтеке би көшесі, 79/71.

Телефон: +7 (727) 331-01-33, Call-center 1432.

  1. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры (Алматыдағы өңірлік филиалы):

Мекенжайы: Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 8, «КОБА» бизнес орталығы, 1-қабат.

Телефон: +7 (727) 244-55-77, 244-55-66.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!