Columbus -0℃
  • 501.5
  • 525
  • 4.95

Алматыда 100-ден аса экономикалық қылмыс анықталды

Алматыда 100-ден аса экономикалық қылмыс анықталды Қаржылық-экономикалық қылмысқа шектеу қойылды. Фото: Shine News

Алматы қаласы жоғары экономикалық белсенділікке ие. Сондықтан да қаржылық және экономикалық қылмыстар да өзге өңірлерден көбірек тіркеледі. Жақында Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген баспасөз алаңында Экономикалық тергеу департаментінің соңғы айлардағы жұмыс нәтижесі ақпарат құралдарына жарияланды. Белгілі болғандай аталған құзырлы мекеме жағынан көлеңкелі экономика, әсіресе цифрлық активтердің заңсыз айналымына қатысты қылмыстар анықталған. 

Ведомствоның мәліметіне қарағанда биыл жыл басынан бері Алматыда 111 экономикалық қылмыс тіркеліп, оның ішінде ауыр қылмысқа жататын 68 жағдай бар. Тіркелген жүзден аса қылмыстың 79-ы анықталып сотқа жіберілген. Тергеу нәтижесінде және мүлікке тыйым салу әрекеті арқылы мемлекетке 47,7 млрд теңге қайтарылған. 

Құзырлы органның мәліметіне қарағанда, жыл басынан бергі экономикалық қылмыстарды анықтау ісінде ақшаны жылыстату және заңсыз әрекеттерді қаржыландыру үшін жиі қолданылатын цифрлық активтердің заңсыз айналымымен күресуге баса назар аударылған. 

Айта кеткен жөн, экономикалық қылмысқа қарсы әрекеттерде құзырлы орган 2023 жылғы 6 ақпанда күшіне енген «ҚР - дағы Цифрлық активтер туралы» жаңа заңын басшылыққа алған. Онда «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағын қоспағанда, жалпы ел аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруға және айналымна шектеу қойылады. Ал қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымы АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті лицензиялаған субъектілердің алаңдарында рұқсат етілген. Комитет қамтамасыз етілмеген цифрлық активтері бар лицензияланатын қызмет түрлері, яғни қаржы қызметтерін көрсететін субъектілердің қатарына Binance, ByBit, Huobi, KuCoin және басқа да крипто-биржалардың реттеушілері жататынын қосымшалады. 

Өңірлік коммуникаицялар қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда көлеңкелі экономика мен онлайн-нарықтарда криптовалюта белсенді қолданылуда. Осы салаларда қолданылатын биткоиндер мен криптовалюталардың басқа түрлері іс жүзінде әлемнің ешбір жерінде нақты заңды жіктеуі жоқ.

Бүгіннің өзінде аталған департаментте цифрлық активтерді айырбастау жөніндегі заңсыз әрекетке қатысты 6 қылмыстық іс тергелу үстінде.  Олардың жалпы құны 58,5 млн АҚШ долларынан асады. Алдын алу мақсатында «Кибернадзор» жүйесі арқылы осындай қызметпен айналысатын 134 интернет-ресурс бұғатталды. Сондай-ақ, криптовалютаны заңсыз пайдалану жағдайларын белсенді түрде зерттейтін цифрлық активтер саласындағы құқық бұзушылықтармен күресу үшін арнайы «Криптон» бөлімшесі құрылды.

 

Allnews


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!