Columbus 2℃
  • 528.9
  • 552.5
  • 5.11

Алматы қаласының инфрақұрылымдарын жаңарту жоспарлы жүзеге асырылуда

Алматы қаласының инфрақұрылымдарын жаңарту жоспарлы жүзеге асырылуда Фото: Алматы әкімдігі

Қала халқының көбеюі және көліктер санының артуы Алматының инфрақұрылымдарына жыл сайын қысымды күшейтіп келеді. Қаладағы жолдардың жалпы ұзынғығы 3097 шақырымды құрайды. Дегенмен, жыл сайын осы жолдардың белгілі бөлігі жөндеуді қажет етеді.

Соңғы жылдары Алматы қаласында жөндеуді қажет ететін көше жолдары да көбейе түсті. Биыл көктем айларында қала тұрғындарынан жол сапасына қатысты 400-ден аса шағым келіп түскен болаты. Бұл мәселені кешенді реттеу үшін Алматы қаласы әкімдігі жағынан қаладағы жол жөндеу жұмыстарын әр жылы жоспарлы түрде жүргізіп келеді.

Айталық, 2023 жылдың өзінде қаладағы жалпы ұзындғы 200 шақырымдық 175 көшеде жол жабындары жаңартылып,орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Ал 2024 жылы орташа жөндеуден 250 шақырымдағы көше жолдарын отраша жөндеуден өткізу жоспарланған. 

Айта кету керек, жыл сайынғы ауқымды жол жөндеу жоспарларының ішінде жол төсемін қалпына келтіру немесе жаңарту, суағар, өткелдер, аялдамалар мен жол жиектерін ауыстыру немесе жасау, зақымдалған жол бөліктерін қалпына келтіру, көше қиылыстарындағы, аялдамалардағы инфрақұрылымдық нысандарды ретке келтіру, қаладағы көлік қозғалысының қолайна қарай жол бағыттарын немесе көше аумағын кеңейту; автотұрақтар, велосипед жолдарын, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды жасау да кіреді. Қаланың инфрақұрылымдарына түсетін қысымды жеңілдету үшін қосалқы шараларда қамтылады. 

Бұндай орташа жөндеу жұмыстарын Алматы қаласы мердігерлер арқылы жүргізетіндіктен, кемінде үш жылдық кепілдік талап етіледі. Яғни, үш жылға жөндеуден өткен жолдардағы жаңа ақаулар мердігерлер жағынан түзетіліп отырырылуы тиіс. 

Биыл маусым айында қала бойынша ауқымды жол жөндеу жұмыстары басталған болатын. Оның басып көп бөлігі қыркүейк айына дейін аяқталып пайдалануға берілді.  Маусым айына дейін қала аудандарындағы 41 000 шаршы метр жолдың төсемі жөндеуден өткен болса, жыл соңына дейін тағы 310 мың шаршы метр асфальтбетон жабыны бар жолдарды жөндеу жоспарланған. 

The Alnews 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!