Columbus -0℃
  • 502.1
  • 525
  • 4.97

Алматы – Халық саны жылдам өсіп жатқан қала

Алматы – Халық саны жылдам өсіп жатқан қала gov.kz

Алматы халық саны жағынан да көшбасшы қала, әрі демографиялық өсімі де жоғары қалалардың қатарында, Қаланың халық саны жыл сайын шамамен 170 мың адамға көбейіп келеді. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың 1 тамызда Алматы қаласының халық саны 2 миллион 264 мың 500 адамды құрады.  Биыл қаңтар-шілде арасындағы табиғи өсім 13257 адамды құраған. Ал былтыр ұқсас мезгілде бұл көрсеткіш 13271 адам шамасында болған. 

Биыл жарты жыл ішінде Алматы қаласында дүниеге келгендер саны 20 335 адамға жеткен. 2023 жылғы дәл сол кезеңмен салыстырғанда 1,5% өскенін көруге болады. Бірақ, көз жұмған адамдар саны жағынан да былтырғымен салыстырғанда көбірек сан тіркелген, яғни, қаңтар-шілде арасында Алматыда 7078 адам көз жұмған, былтырға шамадан 4,6 пайызға көбірек. 

2024 жылдың қаңтар және шілде айларының арасында Алматыға 22567 адам көшіп келсе, былтыр бұл сан 22523 шамасында болған. Айта кетейік, жарты жылда көшіп келушілер арасында 3067 адам сыртқы көші-қонға тиесілі.  кеткені мәлім болған. Ал былтыр 22523 адам көшіп келіп, 

2024 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны 52,7 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,6% құрады.

2024 жылғы 1 қыркүйекке жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 29257 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 2,6% болып қалыптасты.

2024 жылғы II тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 480431 теңгені құрады, өсім 2023 жылғы II тоқсанға 14,3% құрады.

2024 жылғы II тоқсанда нақты жалақы индексі 105,1% болып қалыптасты.

2024 жылғы I тоқсанда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 287213 теңгені құрады. 2023 жылғы I тоқсанға қарағанда 22,9% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 11,9%.

Alnews


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!