Ashburn 29℃
  • 474.3
  • 517.5
  • 5.41

Мұрат Нұртілеу әзербайжандық және армениялық әріптестерімен кездесті

Мұрат Нұртілеу әзербайжандық және армениялық әріптестерімен кездесті ҚР СІМ

Ресми мәліметте М.Нұртілеу өзінің әзербайжандық және арменияндық әріптестерімен екі жақты қарым-қатынасты, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселелерін кеңескен. Оған қоса тауар айналымы мен транзиттік-көліктік әлеует көлемін ұлғайту мәселелерін, өңірлік экономикалық және көліктік өзара байланысты дамыту тақырыптарын талқылаған.

null

Әзербайжан СІМ жетекшісі Джейхун Байрамов қазақстандық тарапқа Әзербайжан мен Армения арасындағы екіжақты бейбітшілік процесін ілгерілету бағытындағы қолдауы мен белсенділігі үшін алғысын айтқан. Әрі бүгінгі келіссөздер осы процеске өз үлесін қосатынына сенімін білдірген.

Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян 1991 жылғы Алматы декларациясының Әзербайжан мен Армения арасындағы қатынастарды реттеу, оның ішінде шекараны делимитациялау процесінде маңыздылығын ескере отырып, Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлерінің Қазақстандағы, атап айтқанда Алматы қаласындағы кездесуінің символдық сипатын атап өткен.

null

Айта кетейік, министр М.Нұртілеу Әзербайжан мен Армения тараптағы әріптестерімен қос тараптың келіссөзі аясында кездесті. Бұған дейін Қазақстан тарабы Алматыда Әзербайжан мен Арменияның СІМ басшыларына келіссөз алаңын ұсынған болатын. Келіссөз кездесуі бүгін Алматыда өтіп жатыр. Оңтүстік Кавказ өңіріндегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қатысты бұл келіссөз процесіне көптеген елдер назар аударуда. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
2
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!