Columbus -3℃
  • 528.9
  • 551
  • 5.13

В. Путиннің ресми сапары: Өзбекстанда АЭС салынады

В. Путиннің ресми сапары: Өзбекстанда АЭС салынады president.uz

26-27 мамырда Ресей Президенті Владимир Путин Өзбекстанға ресми сапармен барды. Бұл В. Путиннің ұлықтау рәсімінен кейінгі үшінші шет елдік ресми сапары. 16-17 мамырда Қытай, ал 23-24 мамырда Беларуське барған еді. 

В. Путин Өзбекстанға ресми сапары барысында елдің Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын және кеңейтілген құрамда кездесті. 

Екі күнге созылған ресми кездесу нәтижесінде 17 құжатқа қол қойылды. Олардың ішінде біз мән беретін құжат Өзбекстанда АЭС салу туралы келісім. Жобаны ресейлік "Ростатом" компаниясы жүзеге асырмақ. Құрылыс биыл жазда басталып, 2033 жылға қарай іске қосу жоспарланған. 

Айта кетейік, Ресей Қазақстанда да АЭС салуға мүдделі. Халқымыз үшін күрделі мәселе болғандықтан Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу не салмау мәселесін референдумда шешу керек деген болатын. 

Бұдан бөлек, 2023 жылы 7 қазанда Мәскеуде В. Путин, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеевтің қатысуымен "Орта Азия-Орталық" атты газ құбырын ресми түрде ашқан еді. Бұл құбыр арқылы Ресейдік газы Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалданады. 

Осылайша, Ресей аймақтың саяси салмақты елдерімен энергетика саласында серіктестікті нығайтуда. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!