Алматыда сәулет және қала құрылысына арналған SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы өтеді

Алматыда 24-25 қарашада сәулет және қала құрылысына арналған SHARE Kazakhstan 2026 екінші халықаралық форумы өтеді, - деп хабарлайды alnews.

Жиынға қала әкімдігінің өкілдері, Қазақстан мен шетелдің жетекші сәулетшілері, қала құрылысын жоспарлау мамандары және девелоперлер қатысады. Олар Алматының болашақ даму бағыттарын талқылап, халықаралық тәжірибе алмасады.

Форумның негізгі тақырыптары – қалалық ортаны дамыту, құрылыс тығыздығын тиімді жоспарлау, биік ғимараттардың қауіпсіздігі және мегаполис қарқынды өскен кезеңде қоғамдық кеңістіктердің сапасын арттыру.

Форум аясында биік ғимараттар салу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық кеңістіктерді дамыту мәселелері кеңінен талқыланады. «АлматыБасЖоспар» ғылыми-зерттеу институтының, Урбанистика орталығының, Alatau City Authority өкілдері мен шетелдік сәулетшілер биік құрылысқа қатысты мүмкіндіктер мен шектеулерді, қала ортасының жайлылығын және сәулеттік шешімдердің тұрғындар өміріне ықпалын талқылайды.

Халықаралық сарапшылар бағдарламасына Zaha Hadid Architects, Foster + Partners, Kohn Pedersen Fox (KPF), Gehl және Aedas сияқты танымал сәулет бюролары мен компанияларының мамандары қатысады. Олар биік ғимараттарды жобалау, қоғамдық кеңістіктер құру және әлемнің түрлі елдерінде ауқымды сәулет жобаларын жүзеге асыру тәжірибесін бөліседі.

SHARE Kazakhstan 2026 форумы Алматының болашақ келбеті қандай болуы керектігі жөніндегі кәсіби пікір алмасу алаңына айналады. Сондай-ақ жиында қала тұрғындарының мүддесін ескере отырып, қалаларды тұрақты дамытуға бағытталған халықаралық тәсілдер талқыланады.

Алдыңғы
Представителей «золотой молодежи» в Алматы штрафуют за запуск салютов
Келесі
В Алматы пройдет международный форум по архитектуре и градостроительству SHARE Kazakhstan 2026

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу