Қытайдың жеңіл автокөлік агенттігінің мәліметінше, сәуірде Бразилияға сатылатын электр мен гибридті көліктер экспорты еуропалық ел Бельгиядан 13 есе асып түскен, - деп хабарлайды alnews.
Бразилия нарығында биыл сәуірде 40 мыңнан астам қытайлық көлік сатылған. Экспорт көлемінің өсуінің саяси астары да бар.
Қытайлық автокомпаниялар Еуропалық Одақ пен АҚШ билігінің шектеулері салдарынан болатын шығынды өзге елдердегі сауданы арттыру арқылы жаппақ. АҚШ Президенті Жо Байден қытайлық электркөлік компанияларына салықты көбейтуге шешім қабылдады. ЕО та заңнамалық шектеулер енгізуде. Екі тарапты да айыптауға болмайды. Себебі, бірі өз нарығын сыртқы бәсекеден қорғаса, екіншісі экспорт көлемін арттыруға тырысуда.
Агенттіктің мәліметіне сүйенсек, қытай автокөліктерін экспорттау көлемі бойынша Ресей бірінші орында тұр. Сарапшылардың пікірінше, мұндай тенденция алдағы уақытта да сақталады.
Бельгиядан бөлек, экспорт көлемі еуропаның Испания, Норвегия, Нидерланды, Франция сияқты елдерінде де азайған.