Columbus -3℃
  • 529.3
  • 551
  • 5.15

АҚШ Қытайды Украина мәселесіне байланысты өтетін бейбіт саммитке қатысуға шақырды

АҚШ Қытайды Украина мәселесіне байланысты өтетін бейбіт саммитке қатысуға шақырды Stefani Reynolds / AP

Кеше, бейсенбіде АҚШ Мемдепартаментінің өкілі журналистерге Қытайды Швейцарияда өтетін Украина мәселесі бойынша бейбіт саммитке қатысуға шақырды, - деп хабарлайды alnews.

Ал Қытай тарапы 15-16 маусымда Швейцарияда өтетін бейбіт саммитке қатыспайтынын мәлімдеген. Себебі Бейжіңнің позициясы бойынша, қақтығысқа түсуші екі тарап та саммитке қатысуы тиіс. Ресей тарапы қатыспайтыны әу бастан белгілі еді. Себебі саммит Украина президенті Владимир Зеленский 2022 жылы ұсынған қақтығысты шешудің бейбіт жоспары бойынша өтпек. Бұл жоспарға Ресей келіспей отыр. 

Еске сала кетейік, алдағы саммитке 100 ден аса елден өкілдер қатыспақ. АҚШ Қытайды қатысуға шақырғанымен, елдің президенті Жо Байден саммитке қатыспайды. Себебі сайлауалды кампания қыза түсуде. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!