Columbus -0℃
  • 501.5
  • 525
  • 4.95

Қазақша жүрек жалғау: жент, сүр ет, ши бауырсақ

Қазақша жүрек жалғау: жент, сүр ет, ши бауырсақ 图片来源:哈萨克斯坦旅游网站

Тегтер:

Қазақ тәттілері

Тәтті ірімшік

Қарапайым болғанымен, дәмді де пайдалы тағам. Ірімшікке түрлі тәтті қоспалар араластыру арқылы әзірленеді. Еліміздің әр бөлігінде әрқалай: кей жерлерде бал, тағы бір өңірлерде қант немесе тосап қосылады. Тәтті ірімшікті тоңазытқышта сақтау керек, себебі бұл - жарамдылық мерзімі қысқа тағам.

Балқаймақ

Балқаймақты жасау үшін алдымен шикі қаймақты ақырын отқа қойып,баппен май шыққанға дейін қайнатады. Қант, бал, ұн қосып араластырып, тағы 8-10 минутқа тындырып қояды. Дайын болған кезде бауырсақпен қосып шай дастарханына ұсынады.

Жент

Жент – талқаннан жасалатын ұлттық тағам. Талқанға (қуырылған бидай немесе арпа ұнтағы) сүт, май, қант, бал және мейіз қосылады. Дайын қоспаның толық суығанын күтіп, өткір пышақпен қалаған қалыпта кеседі. Ертеректе мұндай тәтті тағам дәулетті адамдардың дастарханынан ғана табылған екен.

Тіскебасар тағамдар

Ши бауырсақ

Ши бауырсақтың үйреншікті бауырсақтан көлемі де, дәмі де, қамыры да айтарлықтай өзгеше. Олар тұздалмаған қамырдан, су қосылмай пісірілетіндіктен ұзақ уақытқа сақталады. Содан болар, ши бауырсақ жаугершілік замандарда көшпенділердің ұрыс-шайқастарға алған жеңсік асына айналған. Ши бауырсақ – Семей өңірінің беткеұстар дәмі. Тәтті де қытырлақ ши бауырсақты мұндағы кез келген дүкеннен және базардағы наубайханалардан таба аласыз!

Құрт

Құрт – тұздалған сүзбені кептіру жолымен әзірленетін қышқылсүтті тағам. Оның кептірілген тұзды құрт, қайнатылған құрт, қатық сияқты түрлері бар. Алып жүруге қолайлысы - кептірілген құрт. Құрттың өзге түрлеріне қарағанда оның сақталу мерзімі де ұзағырақ. Сонымен бірге, халық арасында нәрлі сорпаға құрт қосып ішу кең таралған. Құрт сорпаға қышқылтым дәм беріп, ерекше татымды етеді.

Сүр ет

Сүрлеу – етті өңдеудің алғашқы әрі ең нәтижелі әдістерінің бірі. Сүрленген етті аздаған өңдеуден кейін тағамға тұтына беруге болады. Ал сүрленген балық аспаздық өңдеуді тіптен қажет етпейді.

Сүр ет – жүрек жалғап аламын деушілер үшін керемет ас. Оның құрамындағы протеиндер мен микроэлементтер ағзаны жақсы ауқаттандырады. Ал сүрлеу әдісі еттің жылудың әсерінен бүлінбей сақталуын қамтамасыз етеді.

Жоғарыда аталғандармен қоса, міндетті түрде таба нан, сүзбе, қазы, шелпек сияқты тіл үйірер ұлттық тағамдарымыздан дәм татып көруге кеңес береміз!

Асыңыз дәмді, саяхатыңыз мәнді болсын!


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!