– WhatsApp-байланыс. Алдымен мессенджер арқылы берешегі бар адаммен байланыс орнату керек. Онда алажақ ақшаның сомасын көрсетіп, қайтаруын сұрайсыз. Егер «қайтарамын» деген жауап келсе, онда қарызды қайтару ықтималдылығы – 80%.
– Қарызды банк арқылы бер. Қарызға ақша берсең де транзакцияны банк арқылы жүргізген дұрыс. Ол кезде қолыңда ақша аударғаныңды растайтын түбіртек қалады. Сол арқылы қарызды қайтару оңайырақ болады.
– Көп адам қарыз беру кезінде қолхатты қалай жаздырып алуды білмейді. Қолхатта ЖСН/ИИН, қарыз алушының телефон нөмірі жазылуы міндетті. Алушы адам қарыз берушіден қанша ақша алғанын сан жүзінде де, жазба түрінде де жазуы керек. Тағы бір міндетті пункт: қарызды қашан қайтаратын күнін (күнін, айын, жылын), қолхат жазылған күнді көрсетуге тиіс. Қолхатта қарыз алушының қойылған қолы болу міндетті.
– Видео-дәлел. Егер қолыңызда ешқандай дәлел болмаса, телефон арқылы хабарласып, ол процесті сырттай видеоға түсіру керек. Бірақ, заңгердің айтуынша, бұл тәсіл дәлелдеу кезінде қиындау болады. Дегенмен, содан кейін ғана сотқа дейінгі талап-арыз жазып, қарызды қайтаруға бірнеше күн уақыт бересіз. Сол аралықта борышкер алған қарызын қайтармаса, сотқа талап-арыз түсіресіз.
Дереккөз: BAQ.KZ