Ресми петиция жариялайтын Еpetition.kz сайтында "Б" корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысын арттыруды ұсынған үндеу жарияланды, деп хабарлайды alnews.
Үндеу 24 маусымда жарияланып Ұлттық экономика министрлігіне бағытталған. Егер биыл 24 желтоқсанға дейін 50 мың адам қолдаса, министрлік петицияны заң аясында қарауы тиіс.
Петицияның авторы "Б" корпусында жұмыс істейтін маман немесе бас маманның орташа жалақысы 200 мың теңгені құрайтынын айтып, оны кем дегенде 70%-ға арттыруды сұрап отыр. Себебі төменгі лауазымда жұмыс істейтіндердің жалақысы өте аз дейді.
Сайтта пікір жазғандардың жартысы қолдаса, кейбірі алдымен жұмыс сапасын жақсартсын деген талап қойған.
Айта кетейік, Статистика бюросының мәліметінше, биыл I тоқсанда еліміздегі орташа жалақы 382 279 тг құраған.