Алматыда тағы бір заңсыз салынған дәмхана сүрілді

Қалалық Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, Жетісу-2 шағынауданындағы 83/2 мекенжайында орналасқан LAPARK дәмханасы сүрілді.

Бұған дейін нысан иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, тиісті рұқсат құжаттарының жоқтығы анықталған.

Осыған байланысты Басқарма әкімшілік шаралар қабылдап, құқық бұзушылық туралы іс материалдарын сотқа жолдаған.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың қаулысымен нысан иесіне әкімшілік жаза тағайындалып, заңсыз салынған бір қабатты күрделі құрылыс нысанын мәжбүрлеп бұзу туралы шешім шығарылған.

Сот шешімін орындау аясында нысан иесі құрылысты өз еркімен бұзуға кірісті.

Алдыңғы
Алматыда «Көрнекі ақпарат - көркем тіл» қалалық байқауы өтті
Келесі
В Алматы снесли очередное незаконное кафе

Соңғы жаңалықтар:

Іздеу