Columbus 23℃
  • 480.5
  • 535
  • 5.23

ИДЕЯҢДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫР! – АЛМАТЫДА ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ГРАНТ ЖАРИЯЛАНДЫ

ИДЕЯҢДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫР!  – АЛМАТЫДА ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ГРАНТ ЖАРИЯЛАНДЫ Фото: Алматы ЖСБ

Алматыдағы белсенді және шығармашыл жастарды қолдауға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты биыл да жастардың өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік бермек. Грант әдеттегіндей 14 пен 35 аралығындағы Алматы жастарына арналады.

Алматы қалалық Жастар саясаты басқармасының аталмыш гранты өз қаласының және жалпы елдің дамуына үлес қосқысы келетін жастардың алғабастар идеяларын қолдайды. Яғни, идеяны жүзеге асыруыңызға көмек береді.

Грантқа ие болудың шарттары қарапайым, өз идеяларыңызбен бөлісіп, өтінім жолдайсыз және тиісті құжаттарды толтыра отырып, жобаңызды жүзеге асыруға 1 миллион теңгеге дейін грантқа ие бола аласыз. 

Граттар негізінен 6 бағыт бойынша байқау негізінде беріледі. Яғни, ғылым, мәдениет, ақпараттық технология, іскерлік, медиа және волонтерлік бағыттарын негіз етеді.

Грантқа өтінім беру және іріктеу процесі екі кезеңнен тұрады. 

1. 

Байқау өтінімдерін қабылдау және талаптарға сәйкестігін тексеру

Байқау өтінімдері уәкілетті органмен қабылданып, талаптарға сәйкестігі бойынша қаралады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде қарастырылады.

2. Өтінімдерді бағалау және жеңімпаздарды анықтау

Байқау өтінімдерін бағалау байқау комиссиясы мүшелерімен бірінші кезең аяқталғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға грант беріледі.

 

Үміткер жастар үшін байқаудың шарттарын және өтінім беру талаптары туралы мәліметтеріді сілтемеден таба аласыздар. Өтінімдерді қабылдау 16 қыркүейтен 16 қазан аралығында өтетінін де ескерте кетеміз.

 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Пікіріңізге рахмет

Сіз баға бергенсіз!