Қазақтың бір туар перзенті, мың жылдықтың аманатын арқалап, ұлтының ұлан-қайыр тарихын түгендеген жазушы Мұхтар Мұқанұлы Мағауин өмірден өтті. 10 қаңтардың таңында 85 жасқа қараған шағында АҚШ-тың Мерилэнд штатында өз үйінде ақтық демін тауысты.
Ұлы қаламгердің қазасына күллі жұрты қайғырып, аза білдіріп жатқаны мәлім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та марқұмның отбасына, туған-туыстарына көңіл айту жедел хатын жолдады.
Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы 29 қаңтарда сол кездегі Семей облысы Шұбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің Филология факультетін, 1965 жылы аспирантурасын тамамдаған. "Қазақ әдебиеті" газетінің бөлім меңгерушісі, "Жазушы" баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарған. Мәскеуде М.Горки атындағы Әдебиет институтынд Қазақ Фолклоры мен қазақ әдебиеті тариы бойынша арнаы лексиялық курстра жүргізген. 1984-1986 жылдары "Жазушы" баспасының бас редакторы, 1988-2006 жылдар арасында "Жұлдыз" журналының бас редакторы болды. "Аласапран" тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-ның Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.
М.Мағауин баспасөз бетінде 1959 жылдан бастап таныла бастады. 60-жылдар ішінеде ол әдебиет зерттеушісі ретінде әйгілі болды. "Қазақстанның халық жазушысы" атағының (1984), Түркияның халықаралық "Түрік дүниесіне қызмет" сыйлығының (1997) иегері, "Тарлан" сыйлығының лауреаты (2002), Қазақстанның құрметті жазушысы атағы берілген (2019).
2006 жылдың соңында Чех Республикасына қоныс аударып, кейіннен АҚШ және Түркия елдерінде тұрды. Осы кезеңдерде сүбелі тарихи еңбектерін – "Шығысхан және оның заманы", "Алтынорда" шығармаларын өмірге әкелді. Қазақтың мың жылдық тарихын түгендеу жолында күш-жігерін сарықа жұмсады.
Ұжымымыз атынан күллі Қазақ халқына, отандастарға қайғыра көңіл айтамыз! Марқұмның жаны жәннатта, рухы бейіште шалқысын!